Астанада автобус аударыла жаздады
Астанада автобус аударыла жаздады. Жол апаты Есілдің сол жағалауындағы көшелердің бірінде болған.
Автор: Досжан Маратұлы
17.01.2018
Жол жиегіне ұшып кеткен Астана мен Қосшы бағытында жүретін 303-ші бағыттағы қоғамдық көлік. Жолға енді шыққандықтан салонда жолаушылар болмапты. Тек, кондуктор ғана жеңіл жарақат алған. Ал, жүргізуші апатқа алдындағы жеңіл машинаны кінәлап отыр. Айтуынша, «Лада» көлігі аяқасты тоқтағандықтан, автобустың бағытын оңға бұрып, жиекке шығудан басқа амалы болмапты. Осылайша апаттың алдын алдым деген жүргізуші сөзінің рас өтірігін енді полиция анықтауы тиіс.
- Совершал маневр «Лада Гранта». Повернул по второй полосе, нормально ехал. Потом взял поворотник включил и остановился передо мной. Мне уже деваться некуда было. Пришлось выпрыгивать.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!