Қазақстанда көлік өндірісі үш есеге артқан
Қазақстанда 2017 жылы көлік өндірісі үш есеге артқан. Отандық зауыттар былтыр жалпы сомасы 139 млрд теңгеге 20 мыңға жуық темір тұлпар құрастырып шығарған екен. Бұл туралы Алматыда автобизнес қауымдастығы мәлімдеді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
17.01.2018
Экспорттағы әлеуетіміздің көрсеткіші де көбейіп келеді. Мәселен, 2017 жылы мың жарым Қазақстанда жасалған көлік шекара асқан. Бағаның қымбаттағанына қарамай, автомобиль десе ішкен асын жерге қоятын ағайындардың сұранысы артпаса, кеміген жоқ. Мәселен, жұртшылық жиі алатын темір тұлпарлардың топ бестігін Тайота бастап, Лада қостап тұр. Өзбектердің Равоны да үштікке кірген. Президент Нұрсұлтан Назарбаев отандық жүргізушілер электромобильге көшу керек деген бастаманы көтерген болатын. Қауымдастық, Астана мен Алматыда тоқпен жүретін көліктердің қарасы алдағы уақытта артатынына сенімді. Үкімет осы бағытқа қазынадан 303 млн теңге бөлген.
Анар Мақашева, Қазақстандағы автобизнес қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі:
- Сейчас ставки большие. Қазір несиеге көлік алудың пайызы жоғары. Бірақ, отандық көліктерді 4 пайызбен алу өз нәтижесін беріп отыр. Отандық автопромды қолдау үшін 2018 жылға мемлекет 10 млрд теңге бөлді. Сондықтан, қазақстандықтардың екінші деңгейлі банктерден Қазақстанда құрастырылған жаңа көліктерді жеңілдікпен алуына мүмкіндік бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!