{metadescription}
Теңге нығая түсті
Теңге нығая түсті

Теңге нығая түсті

Қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықта төл ақшамыз тағы нығая түсті. Онда ұлттық валютамыздың долларға қатысты бағамы 326,8-ді құрады.

Ал, бүгінгі күннің орташа бағамы 327,1 болып бекітілген. Яғни, теңге сейсенбімен салыстырғанда шамамен 1 теңгеге қымбаттап отыр. Ал, жыл басында 1 доллардың 333 теңгеге тең болғанын еске салайық. Төл теңгеміздің бұл қарқыны ақшасын АҚШ валютасымен сақтап отырғандар үшін, әрине, тиімсіз. Бүгін Қазақстан қор биржасындағы доллармен жасалатын сауда көлемі де төмендеген. Дәл қазір валюта айырбастау орындары Америка ақшасын 326 теңгеден сатып алып, 327-ден сатуда. Теңге нығайып қуантып жатса, бұған дейін қымбаттап келген қара алтын бүгін керісінше арзандай бастады. Оның баррелі қазір 69 доллардан.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде