{metadescription}
Депутаттар қаларалық үлкен тас жолдарды қайта салуды сұрады
Депутаттар қаларалық үлкен тас жолдарды қайта салуды сұрады

Депутаттар қаларалық үлкен тас жолдарды қайта салуды сұрады

Еліміздегі қаларалық үлкен тас жолдар қайта салынуы керек! Бүгін депутаттар осындай ұсыныс айтты. Әсіресе, бетон трассалардың бетін сүріп тастап, үстіне асфальт төсеу қажет дейді мәжілісмен Ерлан Барлыбаев.

Өйткені, қыста бетонның беті өте тайғақ болады да, көліктер жиі апатқа ұшырайды екен. Жалпы, еліміздегі автожолдардың стандартын қайта қару қажет деген пікірде депутат. Мәжілісмен, бұрылыстар, өрге қарай шығатын жерлерге резеңке ұнтақтары мен асфальт төсеуді ұсынды. Себебі қар жауып, күн суығанда бетон жолдарда темір тұлпарлардың дөңгелегі тайғып, адам өміріне қауіп төндіреді.

Ерлан Барлыбаев, Мәжіліс депутаты:

- Күз бен қыс келгенде бетон жолдар сыр бере бастайды. Трасса мұз алаңына айналады. Бұл материал Еуропа елдері үшін ыңғайлы, ал Қазақстанның табиғатына келмейді. Бізде қыс қатты. Қазір Көкшетау-Кішкенекөл, Алматы облысындағы Райымбек ауданында, Жалаңаш-Көлсай трассаларына  резеңке ұнтақтарын сеуіп, сынақтан өткізуде. Бұл технологияны барлық қалаларалық жолдарға қолдану керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде