Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп қандай келісімге келді?
Трамп Назарбаевтың қолын қатты қысып тұра алмады! АҚШ-та ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті әріптесінен екі мемлекеттің арасында визалық тәртіп алып тастауды ұсынды. Сондай-ақ, Елбасы әлемге әйгілі Боинг ұшақтарын сатып алып, тікелей әуе рейсін ашуға келісті. Ал мұнай-газ саласында алпауыт америкалық компаниялар қара алтын өндірумен айналыса бермек. Әлемдегі №1 державамен қарым-қатынасымыз қалай болмақ?
Автор: Ербол Сейілхан
17.01.2018
Дональд Трамп әріптесін Ақ үйдің алдына шығып, жеке өзі қарсы алды. Халықаралық протоколдың тілімен айтсақ, бұл үлкен құрмет. Ал кездесуді тарихи деп бағалаған президенттер екі елдің арасындағы алыс беріс пен барыс келісті оңаша отырып сөз етті. Осы жерде Трамп Қазақстанды мақтап, аймақтағы жетекші мемлекет екенін айтты.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Біз Қазақстанды Орта Азиядағы экономикасы аяққа тұрған, ең мықты елдердің бірі деп есепейтміз. Сондықтан байланысымыз бұдан әрі де нығаятын бермек. Оның үстіне АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған елдердің бірі екенін айта кеткен дұрыс.
Осындай сөздерден кейін мемлекет басшыларының әңгімесі жараса кетті. Әрі қарай әңгіме ауаны сауда-саттыққа ауысты. Ақ үйдің Қазақстанда геосаяси ғана емес, үлкен коммерциялық мүддесі бар. Оның ең бастысы - мұнай газ саласында істейтін америкалық алпауыт компанияларға қатысты. Өйткені, қос мемлекеттің арасындағы «ауа-райын» солардың жасайтыны да белгілі. Бұны бас саусағындай білетін Ақорда мұнай келісім-шарттары толығымен орындалатынын айтты. Мұнайдан бөлек, енді авиация саласына қатты мән берілгелі жатыр.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-Речь идет о новых самолетах Боинг, 900 электровозов, есть договоренность аграрном секторе. Без визовый режим обсудили. Хотим открыть первый авиасобщения.
Визаға қатысты бастама Ақ үйден қолдау тапса, отандастарымыз мұхит асу үшін құжат жинап әуреге түспейді. Бірақ бұған қатысты Трамп әзірге ештеңе деген жоқ. Ал алыс беріске келсек, Америка кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына 50 миллиардқа жуық доллар инвестиция құйған. Осы ісспар кезінде тағы 7 жарым милилард доллардың келісіміне қол қойылмақ. Осы жерде Назарбаев 5 жыл бұрын жасалған салық реформасын еске салып, Трамптың жақында дүниеге келген немересіне де құтты болсын айтуды да ұмытқан жоқ.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-Вы провели поразительную реформу налоговую. Я это поддерживаю, потому что я это сделал лет пять назад. У нас корпоративный налог 20%, подоходный налог 10% для всех. Поздравляю вас с первой годовщиной президентства. Поздравляю вас с рождением девятого внука, господин президент. Я хочу вам сказать, в прошлом году у меня родился десятый.
Ал амандасқан кісінің қолын қысып, жұлқылай жөнелетін АҚШ президенті бұл жолы әдетіне баса алған жоқ.
Осылайша , президенттер сөздерінің соңын бір-бірін құттықтаумен аяқтады. Десек те, Ақ үйден кейін де, Елбасының жұмыс кестесі өте тығыз. Вашингтон мен Астана расында уақыт айырмашылығы 10 сағат екенін ескерсек, келіссөздер қас қарайғанша дейін жалғасып жатыр. Осы сағаттарда Нұрсұлтан Назарбаев америкалық алпауыт компаниялардың басшыларымен кездесіп, елге инвестиция тартуға кірісіп кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!