{metadescription}
 Атырауда жаңа мектеп талап еткен ата-аналар шу шығарды
 Атырауда жаңа мектеп талап еткен ата-аналар шу шығарды

Атырауда жаңа мектеп талап еткен ата-аналар шу шығарды

Атыраулық ата-аналар мектеп талап етуде! Өйткені, олар оқу жылы басталғалы бері балаларын өзге мектепке тасып шаршаған. Ал осы уақытқа дейін балалары оқып келген қаладағы №1-ші мектеп дәл оқу жылының алдында апатты деп танылып, оқушылары апыл-ғұпыл жақын маңдағы № 18-ші мектепке көшірілген. 300 орынға шақталған бұл мектепте қазір қос мектептің 700-ден астам оқушысы тәлім алып жатыр. Сынып бөлмелері жетіспегендіктен, кейбірі тіпті дәлізде оқуға мәжбүр. Екі білім ошағының директорлары да осы бір мектепте отыр.

Оқу жылы басталғалы бері №18 мектептің ғимаратындағы осындай айқай-шудан құлақ тұнады. Екі мектеп директорының бөлек отыратындығы болмаса, балалар мидай араласып кеткен. Киініп-шешінетін жер жетіспегендіктен, оқушылар аяқ киімдері мен сырт киімдерін дәліз бойына тастай салған. Ал дәлізде пластикалық материалдармен бөлініп жасалған кабинеттерде сабақ оқуға мүлдем жағдай жоқ дейді ата-аналар.

Наталья Нұғманова, Атырау қаласының тұрғыны:

-18-ші мектептегі бізге берген кабинеттерде сабақ оқу мүмкін емес. Пластикпен бөлінген сыныпта сырттағылардың даусын анық естисің. Ол жерде  баланың бірдеңе үйреніп шығуы да мүмкін емес қой.

Салтанат Жолдиева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Қиналып отырған біздің балаларымыз. Таңертең қараңғыда келеді. Кешке қараңғыда шығады. Маған, например, қиын. Өзім жұмыста жүрген адаммын. 4 балам өздерін әкеліп, өздерін тасып, солай жүреді. Иногда мен даже таксимен.

Ата-аналар ашуға мінуімізге білім бөліміндегілер мен мектеп басшысының жағдайды ашып түсіндірмеуі себеп болды деп отыр. Өйткені олар осы уақытқа дейін мектептің қайта ашылатынын немесе мүлдем сүрілетінін түсіндіріп айтпаған. Ал бүгін ата-аналардың алдына шыққан бірінші мектеп басшысының сөзіне сенсек, мұндағылар білім ошағының апатты жағдайда екенін дәлелдейтін құжатты қыркүйекте алыпты. Содан бері осы мәселені шешу үшін өзі де тыным таппай, жүгіріп жүрген көрінеді.

Гүлжан Қожахметова, № 1 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп директоры:

-Қазіргі таңда барлық ПСД с учетом сноса жасалып жатыр, мектеп тарапынан документация барлығын жасап горонога жіберілді. Ендігі таңда тек қана күту қалды, бірақ ата-аналарды түсіністікпен қарауға шақырамын. Балдардың, оқушылардың ешқандай сабағы ешқандай стандартқа сай барлық пәндер өтіліп жатыр.

Ал қазір тарс жабық тұрған ескі мектеп ғимаратты сонау 35-ші жылы емхана ретінде салынып, кейін білім ошағына айналған. Ол аяқ астынан апатты деп танылыпты. Өйткені осы оқу жылы басталар алдында ғана қызметкерлердің бірінің басына төбе опырылып құлаған. Ал, әкімдіктегілер мәселе биыл шешіледі деп отыр. Яғни, осы жылы республикалық бюджеттен қаржы тез бөлінсе, жаңа оқу жылын оқушылар өз мектептерінде қарсы алмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде