Шетелдік әуе компаниялары әуежайдағы тариф құнын азайтуды сұрады
Шетелдік әуе компаниялары Қазақстаннан халықаралық рейстерді шетінен тоқтатып жатыр. Өйткені, еліміздегі әуежайлар қызмет көрсету құнын біренше есеге көтерген. Оған Ұлттық экономика министрлігі ресми рұқсат беріп отыр. Яғни, Үкімет бағаны бақылаудан бас тартқан. Біздегі әуежай басшылары да сол сәтті пайдалана қойса керек. Бұл енді бірінші кезекте бағаға әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан бүгін Елордада әуе компанияларының басшылары жиналып, мемлекеттен тарифті қайта қадағалауды сұрады.
Автор: Жәудір Оразхан
18.01.2018
Былтыр жазда Ұлттық экономка министрлігі барлық әуежайдағы халықаралық рейстерге тарифті бақылаудан бас тартып, бұйрық шығарған. Содан бері әуежайлар бағаны қалай көтерсе де өзі біледі. Ал олар сол өзім білдімге салынып, бағаны еселеп көтеріп те жатыр. Әуе компанияларымен ешкім ақылдасып, ескертпепті де. Бүгін наразы топ жиналып, жөнсіз бекітілген тарифке шағымданды.
Джордан Карамалаков, ИАТА Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының өкілі:
-Қарағанды әуежайы ұшып, қону үшін тұрақтың тарифін 80 пайызға, Өскемен 6 пайызға, Астана әуежайы 30 пайызға көтерді. Елорда әуежайы авиациялық қауіпсіздік қызметін 100 пайызға, Алматы 87 пайызға қымбаттаты. Баға бірден шарықтап шыға келді. Оның себебін ешкім түсіндірмейді.
Баға бұлай көтеріле берсе, Астанада халықаралық бағыттағы рейстер жаппай тоқтап қалуы мүмкін. Қазірдің өзінде бірнеше шетелдік әуе компаниясы жолаушы тасымалдаудан бас тартыпты. Басқа амал жоқ, белшеден шығынға батамыз дейді мамандар.
Ибрахим Жанлыел, әуе компаниясының өкілі: ауд
- Austrian airlines, KLM и Asiana Airlines Астанаға рейстерін тоқтатты. Air Arabia , LOT компаниялары да жұмсын қысқартпақ. Астана әуежайы негізсіз тарифті көтеру арқылы әуе компанияларын нарықтан ығыстырмақ. Біз Үкіметтен бағаны рететуді қайта қолға алуды, нақты тариф белгілеуді сұраймыз.
Әрине, билет бағасы әуежайдағы қызмет құнына тікелей байланысты дейді компания өкілдері. Сондықтан жол ақысы да қымбаттауы әбден мүмкін дейді мамандар. Екі ортада ел азаматтарының шетелге қатынауы қиындап қалмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!