Тұңғыш Президент қоры Елбасы жолдауын насихаттауға кірісті
Елбасы жолдауын жастар білуі тиіс! Астанада жоғарғы оқу орындарының ұстаздары Президенттің жолдауын талқылауға кірісіп кетті. Бүгін мұндай отырыс қазақ мемлекеттік заң университетінде өтті.
Автор: Сабина Мәдиқызы
18.01.2018
Тұңғыш президент қоры ұйымдастырған дөңгелек үстелге профессор оқытушылар жиналған. Олар қордың өкілімен жолдаудағы сыбайлас жемқорлық, азаматтардың өз құқықтарын білу, отандық компаниялардың шетел нарықтарына шығуының мүмкіндіктері және еліміздің білім беру жүйесін жетілдіру жолдарын талқылады. Енді осы ұстаздар жолдаудың маңызын жаппай студенттерге түсіндірмек.
Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары:
- Тұңғыш Президент Қоры елбасының жолдауын талқылайтын алаңға айналмақ. Біз бұнымен шектеліп қалмаймыз. Алдағы уақытта Алматыдағы Сарбона институтының оқытушы және студенттері құрамымен де кездесуді жоспарлап отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!