{metadescription}
Көкшетауда қаңғыбастар қаптап кетті
Көкшетауда қаңғыбастар қаптап кетті

Көкшетауда қаңғыбастар қаптап кетті

Көкшетауда қаңғыбастар қаптап кетті! Аяз қысқан сайын олар, әсіресе, түнгі уақытта әлеуметтік бейімдеу орталығына ағылуда. Қазір 50 орындық мемлекеттік мекемеде...

trong>тағы 50 орын әзірленген. Өкінішке қарай, қыс басталғалы бері белгілі тұрағы жоқ 3 адам үсіп өлді. Сондықтан полиция оларды әр жерден күн сайын жинап, орталыққа тапсырып әлек. Бірақ, бейберекет күн кешетін олар күнұзақ далада жүріп, мас болып  келіп төбелес шығарады екен. Олардың арасында ЭКСПО көрмесі кезінде Астанадан әкеп тастағандар да жүр.

Бір қарағанда, үскірік аязда далада үй-күйсіз жүрген адамдардың өмірі аянышты сияқты көрінеді. Бірақ мына тұрған төртеуі де араққа сылқия тойып алған. Бұл бейімдеу орталығында күнде болатын жағдай екен. Ал олар мемлекеттен ақша бөлінетін мекемеге түнеп шығуға қашан келсек те есік ашық болуға тиіс деп заң соғып тұр. Орталық басшылары болса, мына  күйінде орталыққа кірсе ойран салады ғой деп безек қағуда.

Ақылбек Бекмағанбетов, «Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы»КММ  бөлім меңгерушісі

-Күнде осылай келеді, күнде ішіп келеді. Өйткені ол мында кіреді де, ананың ішін бәрін быт- шытын шығарады. –Үсіп қалса ше?- Үспейді. Біз кіргіземіз. Бұны кіргізбейін деп жатқан жоқпыз. Кішкене естерін жинасын.

Бейімдеу орталығы 50 орындық. Бірақ қыс мезгілінде олардың саны екі есеге артқан. Күнімен көше кезіп, бей-берекет тіршілікке бойлары үйренген олар мында жуынып-шайынып, түнеп шығады. Бұлардың арасында, Астанада ЭКСПО өткен кезде әкеп тастаған қаңғыбастар да бар. Олар құжаттары әзір болса, Елордаға қайтуы тиіс.

Ғалия Есенова:

-Мен уже семь месяцев осында. Не болды? Не?ЭСПО.ЭСПО. С Астаны вывозит еткенде әкеп тастады. Содан осындамыз.

Бейімдеу орталығынан таңертең жұмысқа шыққандай қалаға тарап кететін олардың әрқайсысының белгілі орны бар. Мәселен, мына  құдыққа  бір отбасы ие. Рейд жасап жүрген полиция келіп еді, тапа-тал түсте ұйықтап жатқан мас әйелін күйеуі сыртқа шығара алмады. Ал мынау жылу құбырында тізіліп отырғандардың ортақ дастархандарында шошқа майына дейін бар.

Гүлнар  Бүгібаева:

-Жылынып отырмын. Баратын жерім жоқ. Қайда барамын енді. Кешкі сағат жетіге дейін жан сақтау керек. Сосын бейімдеу орталығына түнеуге барамыз. Осы орталықтар не үшін керек? Күндіз барсаң кіргізбейді.

Кіргізбейді деп шағымданып отырған қаңғыбастар мемлекет оларды асырауы керек деп санайды. Жаз бойы тентіреп, берекесіз тірлік кешетін олар  орталыққа міндетсініп келеді екен. Өткен жылы Көкшетаудағы бұл мекемеде 223 адам жанын қыстан аман алып шыққан. Биыл да осындай адамдар үшін қала  бюджетінен 59 миллион теңге бөлініпті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде