{metadescription}
Атырауда парамен ұсталған әкімдік қызметкері айыппұлмен құтылды
Атырауда парамен ұсталған әкімдік қызметкері айыппұлмен құтылды

Атырауда парамен ұсталған әкімдік қызметкері айыппұлмен құтылды

Атырауда  парамен ұсталған әкімдік қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының бұрынғы орынбасары Қайрат Кенжалиев өзінің пара алғанын мойындап, прокурормен келісімге келген.

Осылайша, біреуге мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып бермек болып, басы бәлеге қалған шенеунікті сот 18 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттеді. Яғни Қайрат Кенжалиев өзі алған параның 60 есе көбейтілген мөлшерін мемлекетке өткізуі тиіс. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметтің маңына да өмір бойы жоламайтын болды. Мамандығы заңгер Қайрат Кенжалиев өткен жылдың желтоқсан айында 300 мың теңге парамен ұсталған еді. Әкімдікке 2012 жылы қызметке тұрған ол мұнда тұрғын үй  бойынша туындаған құқықтық мәселелерді шешумен айналысқан. Айта кетейік, Кенжеалиевке пара берген адамның үстінен де қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.