{metadescription}
Астанада көлігімен Ақорданың қақпасына соғылған полицей қызметінен қуылды
Астанада көлігімен Ақорданың қақпасына соғылған полицей қызметінен қуылды

Астанада көлігімен Ақорданың қақпасына соғылған полицей қызметінен қуылды

Астанада көлігімен Ақорданың қақпасына соғылған полицей қызметінен қуылды. Жол апаты кеше түнде болған.

Президент резиденциясының жанында Порше Кайен мінген тәртіп сақшысы тізгінге ие бола алмай қақпаға соғылған. Мына суреттерден соққының кесірінен дуалға біршама зақым келгенін көруге болады. Қымбат джиптің алдыңғы бөлігі де қатты бүлінген. Ал, рөлде жол полициясының аға лейтенанты Иманбеков болыпты. Жол апатын жасағаны үшін онымен қоса взвод командирі мен тікелей бастығы да бірден қызметінен қуылған. Әзірге тізгенде болған лейтенанттың сау немесе мас болғаны айтылмай отыр. Ал, Ішкі істер департаменті апатқа көктайғақ себеп болған дейді.

СОФЬЯ ҚЫЛЫШБЕКОВА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІІД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

-Полцияның аға лейтенанты Иманбеков Достық көшесімен келе жатып, көктайғақтың кесірінен рөлге ие бола алмай қалған. Сөйтіп, қақпаға соғылған. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде