{metadescription}
Алматыда жолақыны екі есеге көбейту бастамасы қарала бастады
Алматыда жолақыны екі есеге көбейту бастамасы қарала бастады

Алматыда жолақыны екі есеге көбейту бастамасы қарала бастады

Тасымалдаушылардың жолақыны 2 есеге қымбаттату туралы талабын Алматы әкімдігі қарай бастады. Десе де, тарифтің өзгеру-өзгермеуі жақын арада шешілетін мәселе емес....

strong>Алдымен, оны бірнеше қоғамдық ұйым сүзгіден өткізеді. Ал, даудың соңғы нүктесін қоятын жергілікті депутаттар. Тасымалдаушылар қауымдастығы табыс табудың орнына, шығынға батып жатқандарын айтып, шаһар басшылығына 2 күн бұрын хат жолдаған болатын. Олар «Оңай» картасы арқылы төлемді 150 теңгеге көтеруді сұрайды. Болмаса әкімдік 18 миллиард теңге субсидия бөлсе деп отыр.

Тасымалдаушылар қауымдастығы өз талаптарын хатқа түсіріп, әкімдікке 2 күн бұрын жолдаған. Атқамінерлер де уақытты созбай, тез арада мәселені майшаммен қарауға кірісіпті. Десе де, жолақы дауының әзір шешілмесі анық. Алдымен, ұсыныс бірнеше ұйымның сүзгісінен өтуі тиіс. Артынша, бағаның қалай қалыптасатынын әкімдік емес, мәслихат шешеді.

Мақсұт Исақов, Алматы қаласы жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының басшысы:

-Тарифті көтеру немесе түсіру мәселесін қалалық әкімшіліктің ұсынысымен оны қалалық мәслихат қабылдайды. Қалалық мәслихатта ғана ол бекітіледі. Оған қалалық мәслихатқа шығарудың алдында өзінің процедуралары бар.

Яғни, кемі 1 ай уақыт қажет. Ал, тасымалдаушылардың бас көтеруі бекер емес. Мегаполистегі жолақы құны 2012 жылдан бері өзгеріссіз. Ол кезде баға 50-ден 80 теңгеге қымбаттаған болатын. Содан бері өзге өңірлердегі жол жүру ақысы бірнеше рет көтерілген. Ал, Алматыда тек өткен жылдың жазында әртараптандырылған тариф енгізілді. Ол бойынша қолма-қол төлем жасайтындар ғана 150 теңге төлейді. Ал, «Оңай» картасын пайдаланушылар үшін баға сол баяғы 80 теңге. Бұл тариф тек көлік холдингі үшін тиімді болған. Өйткені, қазір жолаушылардың 97 пайызы электронды төлемге көшіпті. Ал, автобус парктерінің шығынға батып жатқанын өткен жылы тарифті арнайы зерттеген комиссия да растаған.

Сәбит Аманбаев, Алматы қаласы тасымалдаушылар қауымдастығының президенті:

-Тариф комиссиясы тексерген кезде 149 теңге екені дәлелденген. 149 теңге болу керек. Нарық көлемі 21 млрд теңге. Ал, қызметті қамтамасыз ету үшін толық 39 млрд теңге керек. Сонымен 18 млрд теңге субсидиялау қажет. Яғни, мемлекеттік қаржыландырумен сонда бұл қызмет қамтамасыз етіледі.

Тығырықтан шығар жолдардың бірі субсидия бөлу дейді қауымдастық өкілдері. Ал, талаптары орындалмаса, автопарктердің жабылып тынатын түрі бар. Өйткені, 6 жылдың ішінде жанармай бағасы 80, газ 112 пайызға дейін шарықтап кеткен. Қоғамдық көліктерді жөндеу шығыны тағы бар. Айта кетсек, қазір Алматыдан жоғары тариф Өскемен, Қызылорда және Астана қалаларында. 1 ақпаннан бастап Қостанайда да автобуспен жүру бағасы 100 теңгеге көтерілмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде