{metadescription}
Қазақстандықтардың шетелге қатынауы қиындап қалуы мүмкін
Қазақстандықтардың шетелге қатынауы қиындап қалуы мүмкін

Қазақстандықтардың шетелге қатынауы қиындап қалуы мүмкін

Қазақстандықтардың шетелге қатынауы қиындап қалмақ. Әуе компаниялары халықаралық рейстерді шетінен тоқтатып жатыр. Өйткені, еліміздегі әуежайлар қызмет көрсету құнын біренше есеге көтерген. Оған Ұлттық экономика министрлігі ресми рұқсат беріп отыр. Яғни, Үкімет бағаны бақылаудан бас тартқан.  Біздегі әуежай басшылары да сол сәтті пайдалана қойса керек. Бұл енді бірінші кезекте бағаға әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан бүгін Елордада әуе компанияларының өкілдері  жиналып, мемлекеттен тарифті қайта қадағалауды сұрады.

Былтыр жазда Ұлттық экономка министрлігі барлық әуежайдағы халықаралық рейстерге тарифті бақылаудан бас тартты. Содан бері әуежайлар қызмет құнын  қалай көтерсе де еріктері. Ал олар сол өзім білдімге салынып, бағаны еселеп қымбаттатып та жатыр.

Әсіресе, Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағылардың  араны ашылып  отыр дейді әуе компанияларының  өкілдері. Ал олармен ешкім ақылдасып, ескертпепті де. Бүгін наразы топ жиналып, жөнсіз бекітілген тарифке шағымданды.

Джордан Карамалаков,  ИАТА Әуе көлігі халықаралық  қауымдастығының өкілі:

- Қарағанды әуежайы тұраққа қонып, ұшу үшін тарифті 80 пайызға, Өскемен 6 пайызға, Астана 30 пайызға көтерді. Елорда әуежайы авиациялық қауіпсіздік қызметін 100 пайызға, Алматы 87 пайызға қымбаттаты. Баға бірден шарықтап шыға келді. Оның себебін ешкім түсіндірмейді де.

Әуежайлар ұшақ тұрағына ғана емес, жолды ашу, әуе кемесінің үстін қардан тазарту сынды қызметтердің де құнын қымбаттатқан. Егер баға бұлай көтеріле берсе, әсіресе, Астанада халықаралық бағыттағы рейстер жаппай тоқтап қалуы мүмкін. Қазірдің өзінде бірнеше шетелдік әуе компаниясы Елорда арқылы  жолаушы тасымалдаудан бас тартыпты. Басқа амал жоқ, белшеден шығынға батамыз дейді мамандар.

Ибрахим Жанлыел, әуе компаниясының өкілі:

- Austrian airlines, KLM и Asiana Airlines Астанада жұмысын тоқтатты. Air Arabia , LOT компаниялары да рейстерді қысқартпақ.  Назарбаев әуежайы негізсіз тарифті көтеру арқылы әуе компанияларын  нарықтан ығыстырып отыр. Біз Үкіметтен бағаны рететуді қайта қолға алуды, нақты тариф белгілеуді сұраймыз.

Бірақ, Азаматтық авиация комитетіндегілер болса,  әуе  компанияларының  шетінен  рейстерді   тоқтатуы  тарифке түк  қатысы жоқ деп отыр. Шенеуніктердің айтуынша, шетелдіктер үшін Қазақстанда жұмыс істеу тиімсіз екен. 10 жылдан бері олар шығынға батып келген көрінеді. Билет бағасы әуежайдағы қызмет құнына тікелей байланысты. Сондықтан жол ақысы да қымбаттауы әбден мүмкін екенін мамандар ашық айтып отыр. Екі ортада  азаматтардың шетелге қатынауы қиындап қалмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде