{metadescription}
АҚШ-тан тікелей байланыс: Нұрсұлтан Назарбаев әлемді ядролық қарудан азат етудің жолын айтпақ
АҚШ-тан тікелей байланыс: Нұрсұлтан Назарбаев әлемді ядролық қарудан азат етудің жолын айтпақ

АҚШ-тан тікелей байланыс: Нұрсұлтан Назарбаев әлемді ядролық қарудан азат етудің жолын айтпақ

Нұрсұлтан Назарбаев әлемді ядролық қарудан азат етудің жолын айтпақ! Бірнеше сағаттан кейін президент Нью-Йорктегі Бірікккен ұлттар ұйымының биік мінберінен сөз сөйлейді. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде ,жер-жаһанды қарулы қақтығыстан құтқарудың тың тәсілдерін ұсынбақшы.

Бірнеше тіпті ондаған жылдарға созылған қақтығыстардың бір сәтте тоқтауы қиын. Бірақ жауласқан тараптарды келіссөз үстеліне отырғызуға болады. Өйткені, тарих көрсеткендей, кез-келген соғыс бейбіт келісімге келумен аяқталады. Қазақстанның ұстанымы да осы. Сондықтан Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде  дауды қарумен емес, ақылмен яғни дипломатиямен шешілуіне күш салмақ. Ал дәл қазір Нью-Йоркке табан тіреген Елбасы бірнеше сағаттан соң дөңгеленген дүниені тыныштандыруға қатысты өзінің тың бастамаларымен  бөліседі. Әсіресе, ол Біріккен Ұлттар ұйымында ядролық қарудың қаупі туралы ауқымда баяндама жасайды деп күтіліп отыр. Бұл тақырып біздің президентке өте жақсы таныс. Өйткені, 26 жыл бұрын Қазақстан әлемдегі 4-ші қырып-жоятын қаруы бола тұра, одан бас тартқан болатын. Семей сынақ полигонын да жапты. Бұл саяси шешімді шетел сарапшылары құптап отыр. Әйтпесе, жағдайдың ушығып кетерін айтады.

ДЖОНАТАН ГРАНОФФ, ӘЛЕМДІК ҚАУІПСІЗДІК ИНСТИТУНЫНЫҢ ӨКІЛІ: 

-Қазақстан ядролық қару сынағынан қатты қасірет шекті. Оның жарасы әлі жазылған жоқ. Сіздің мемлекет бұл қарудың қаупін басқалардан жақсы түсінеді. Сондықтан отпен ойнап отырған елдерге үндеу тастауы өте орынды.Осы қырып-жоятын қаруды қолшоқпар қылғысы келетін Солтүстік Корея, Иран секілді елдер ойлануы тиіс. Әйтпесе оның зардабы орасан.

Бірақ Қазақстан ядролық қару тақырыбымен шектеліп қалмайтыны анық. Ауғанстан, Таяу Шығыс, Сириядағы ахуалға тағы әлем назарын аударғалы отыр. Сөйтіп Бірккен ұлттар ұйыымының алаңын мейлінші тиімді пайдаланып қалуға тырыспақ. Өйткені дөңгеленген дүниеге керегі – тыныштық пен бейтішлік!  Әріптестер, сөз кезегі сіздерде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде