Елімізде соңғы жылдары қанша автобус апаты болды?
Шалғайға жолаушы тасымалдап, адам шығыны боп жатқан автобустар апатының басы бұл емес. Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылы мамыр айында Қарағанды облысында Қырғызстан азаматтары отырған шағын автобусы Камаз көлігімен соғысып, 16 адам тіл тартпай кеткен еді. Ол кезде 8 адамдық көлікке 18 адамның отырғызылғаны себеп болған. Олардың барлығы Ресейге қара жұмысқа бара жатқандар екені айтылған.
18.01.2018
Былтыр маусым айында да Ресейге беталған өзбекстандық жұмысшылардың автобусы аударылып, 9 адам оқиға орнында қаза тапқан. Сұмдық жағдай Ақтөбе облысындағы Әйтеке би ауданында болған еді. 9 марқұмнан бөлек тағы 18-і түрлі дәрежедегі жарақат алған болатын. Олардың арасындағы екеуі ғана Қазақстан азаматы болатын. Бұл апатқа не себеп екені сол күйі айтылмады. Арада жарты жылда өтпей жатып, қазан айының ортасында Мәскеуден қайтқан өзбекстандық жұмысшылар отырған автобус Владимир облысында темір жолдан өтіп бара жатқан кезде моторы сөніп, пойыз соққан. Ол кезде 16 адам тіл тартпай кетсе, қалғаны ауыр жарақаттармен жақын жердегі ауруханаларға жеткізілген. Қаза тапқандардың арасында сол автобустың бір жүргізушісі де болған. Ол автобустың ішінде де адам тиесілі орыннан көп болғаны анықталған-ды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!