{metadescription}
Өртенген автобус иесінің жолаушылар тасымалдауға лицензиясы болмаған екен
Өртенген автобус иесінің жолаушылар тасымалдауға лицензиясы болмаған екен

Өртенген автобус иесінің жолаушылар тасымалдауға лицензиясы болмаған екен

Осы өртеніп кеткен автобусқа қатысты жаңа деректер пайда болуда. Яғни, автокөлік иесінің жолаушылар тасымалдауға лицензиясы болмаған екен. Онымен қоймай автобус екі жылдан бері техникалық тексеруден өтпепті.

Ал осынау көлікті лицензиясыз тізгіндеген екі жүргізуші мен көмекшісі аман қалды. Олар: Мақсат Пернебеков, Нұржан Қырғызбаев пен Барат Таңатаров. Бұлар Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. Қалған екі жолаушы өзбекстандық. Олар жарақаттарының жеңіл болуына орай емханаға барудан бас тартыпты. Ал өртенген көлік 59 адамға шақталған. Осыдан 30 жылдай бұрын зауыттан шығыпты. Қазіргі иесі Ордухан Мехтиев автобусты екі жылдан бері техникалық тексеруден мүлдем өткізбеген. Соған қарамастан Сарығаштағы «Жібек жолы» бекетінің механигі алыс жолға шығуға рұқсат беріпті.    

Олег Петухов, ОҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

-Біздің қолымызда бар диагностикалық картадағы ақпар бойынша апатқа ұшыраған автобус техникалық байқаудан соңғы мәрте 2 жарым жыл бұрын өткен. Ал, жалпы жолаушылар тасымалдаушы көлік жылына екі мәрте өтуі керек. Менің ойымша ол автобустың ішінде апатты жағдай кезінде терезені сындыратын балға да болмаған шығар. Егер тым болмағанда екі балға болса қанша адам сыртқа шығып үлгеріп, мұнша адам шығыны болмас па еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде