Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының мерейтойы тойланып жатыр
Биыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл. Осы мерейтойға орай Семейдегі Абай атындағы мемлекеттік тарихи- мәдени және әдеби- мемориалдық қорық- мұражайында ерекше көрме ашылды. Онда ақынның 100-ден астам заттары сөреге қойылған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
22.01.2018
Олардың қатарында Шәкәрім Құдайбердіұлының кітаптары, естелік хаттары және қолтаңбасына дейін бар. Тіпті, ақын өмір сүрген замандағы Тобықты руына арнап тіктірген тұмақ пен ою өрнек те келушілердің қызығушылығын тудыруда. Ал, оның өз қолымен ұстаған саптыаяғы мен шоқпары көрмеге алғаш рет қойылып отыр. Ағаштан жасалған заттар, Қарағанды қаласының тұрғыны Ернұр Әзімбаевтың үйінде ұзақ жыл сақталған көрінеді. Тіпті, атасы Қыдыр шоқпары мен саптыаяғын темекі езіп, насыбай жасауға пайдаланып келген. Осылайша, атадан қалған мирасты мұражай қорына тапсыруға шешім қабылдап, жеткізіп беріпті.
Қайрат Сабырбаев, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайының жетекші ғылыми қызметкері:
-Жыл бойы музейге келушілерге өз қызметін көрсететін болады.Соған қатысты экскурсия мәтіні де бар. Келген адамдарға өздеріне қажетті мәліметтерді алуына болады. Қосымша сұрақтар болса, біздің қызметкерлер оған кәсіби тұрғыда жауап бере алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!