{metadescription}
Ақтөбе облысындағы апаттан кейін халықаралық автобустар тексеруден өтпек
Ақтөбе облысындағы апаттан кейін халықаралық автобустар тексеруден өтпек

Ақтөбе облысындағы апаттан кейін халықаралық автобустар тексеруден өтпек

Ақтөбе облысы арқылы қатынайтын барлық халықаралық автобустар бір ай бойы тексеруден өтетін болады. Көлік инспекторлары мен тәртіп сақшылары күн сайын қос бекетте жүргізушінің құжатынан бастап, жолаушылардың жүгіне дейін тінтіп шықпақшы. 

Ерұлан Құрманиязов, Ақтөбе облыстық көлік инспекциясы басшысының орынбасары: 

-Екі бағытта өткіземіз көліктік бақылауды. Ол айтып өткенде Мәртөк жағындағы Ақтөбе-Жайсаң жолында. 96 шақырымда. Екінші бағыт Самара-шымкент жолы Қожысай елді-мекені маңында.

Инспекторлар 52 адам тірідей жанып кеткен Самара-Шымкент тас жолына баса назар аударып отыр. Себебі оңтүстіктен шыққан автобустар тек осы жол арқылы жүреді. Ал екінші бекеттерін Ресейдің Орск қаласына бет алатын жол бойына орнатады. Автобустағы өзбек азаматтарының өлімінен соң көлік инспекторларына демалыссыз жұмыссыз істеуге тура келіп отыр. Өйткені, күлге айналған көліктің техникалық құжаттары болмай шыққан. Ал сол автобустың тірі қалған үш жүргізушісі әлі ауруханада жатыр. Дәрігерлер оларды қазір-ақ шығарып жіберугі әзір. Бірақ тәртіп сақшылары аурухана палатасында тергеуге алуда жөн деп шешкен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде