{metadescription}
Кабулда қаза тапқан астаналық бизнесмен болып шықты
Кабулда қаза тапқан астаналық бизнесмен болып шықты

Кабулда қаза тапқан астаналық бизнесмен болып шықты

Кабулда қаза тапқан Қазақстан азаматы Астана қаласының тұрғыны болып шықты. Ол жергілікті телекоммуникация компанияларының бірінің шақыруымен іскерлік мақсатта барған екен. Бірақ, ол түскен қонақүйге содырлар шабуыл жасап, азаматымыз қапыда көз жұмған. Қазір еліміздің Сыртқы істер министрлігі марқұмның денесін елге жеткізу мәселесімен айналысып жатыр.

Жалпы, қазаға байланысты сұрақ көп болса да Сыртқы істер министрлігі әзірге мән-жайды толық жайып салған жоқ. Сондықтан, министрлік таратқан аз ғана мәліметке сүйеніп айтарымыз мынау. Ол 1978 жылдың тумасы әрі Астана қаласының тұрғыны. Өзі бизнеспен айналысатын адам екен. Министрлік тарапы ресми әдеп сақтап, аты-жөнін жарияламай отыр. Ауғанстанға шамамен өткен жылдың қазан немесе қараша айында барған.

Бірақ, өткен сенбі күні кешке ол орналасқан қонақүйге лаңкестер шабуыл жасап, ішіндегі адамдарды кепілдікке алған. Күштік құрылымдар ғимаратты тазарту үшін содырлармен 18 сағаттай арпалысыпты. Сол кезде біздің отандасымыз да оққа ұшқан. Ол жаққа іскерлік қарым-қатынас мақсатында барған дейді министрлік өкілі.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Ауғанстанда ол кісі іскерлік мақсатымен бір ауған телекоммуникация саласында жұмыс істеп жатқан компаниясының шақыруымен болған.

Қарулы қақтығыста барлығы 126 адам құтқарылған. Ал шабуылды әуелде «Талибан» ұйымы өз мойнына алды деген ақпарат тараған болатын.

Бірақ, Ауғанстанның Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, қарулы қақтығыстан барлығы 14 шетел азаматы мен 4 ауған көз жұмған. Соның бірі біздің азамат болып отыр. Мерт болғандардың ішінде Украина мен Венесуэла елінің азаматтары да бар екен.

Жалпы, қанды оқиға болған қонақүй бұған дейін де лаңкестер шабуылына ұшыраған екен. 2013 жылдың жазында дәл сол жерде 12 адам қаза тауыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.