{metadescription}
Елімізде аяз әлі ушыға түседі
Елімізде аяз әлі ушыға түседі

Елімізде аяз әлі ушыға түседі

Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарын қатты аяз шалды. Күн райы аяқ астынан тосын мінез танытып, бұл Астана, Павлодар, Петропавл және Семей қалаларының тұрғындарына қиын тиіп тұр. Қазір бұл өңірлерде сынап бағанасы минус 40 градусқа жақындаған. Осыған байланысты мектептерде сабақ тоқтатылып, облыс орталықтарынан шығатын барлық жолдар жабылған. Әзірге үсік шалғандар жоқ. Десе де, құтқарушылар, полицейлер мен дәрігерлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен.

Қатты аязға шыдас бермеген техникамыз өшіп, біз тіпті ғимарат ішінде тұрып тікелей байланысқа шығуға мәжбүрміз. Қазір Павлодарда аяз минус 40 градусқа жақындаса, алдағы күндері 51 градусқа дейін жетеді деп күтілуде.

Ал аяқ астынан тосын мінез танытқан ауа райы жаяу жүргіншілер түгілі, қоғамдық көліктерді де біраз әбігерге салды. Мәселен, бүгін жолаушылар мінген шаһардағы трамвайлардың бірі істен шығып, соңында келе жатқан өзге вагондардың қозғалысын шектеді. Болжамға қарағанда, дәл осы аяздың кесірінен байланыс сымдары тұйықталыпты. Сондай-ақ, жолаушылар автобусы да отқа оранды. Бұған қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ. Өңір бойынша да әзірге үсік шалған азаматтар тіркелмеген. Десе де, ақ халаттылар мұндай науқастарды қабылдауға сақадай сай екенін айтуда.

Нұржан Қаскен, травматолог дәрігер:

-Үсік шалумен науқастар саны аз. Бірақ біздің мекеме бұл оқыс жағдайға дайын. Және де осы қаланың тұрғындарына өтініш ұзақ сапар мен жолға шықпауды сұарймыз. Және ішімдіктен тыйылуды сұраймыз.

Қатты аязға байланысты кешеден бері Павлодардан шығатын барлық жолдар жабық тұр. Десе де, құтқарушылар Екібастұз ауданында жолушыларға лық толы Шымкент-Новосібір автобусын тоқтатқан. Қазір ондағы 52 азаматты жылы жерге орналастыру мәселесі шешілуде. Ішінде Өзбекстан азаматтарының да барын айта кетейік. Дәл осындай автобус Успенка ауданында да тіркелген. Ондағы 32 жолаушы қазір аудандық колледжде жылынып отыр. Үскірік аязға байланысты бүгін өңірдегі барлық мектептер мен бірінші курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды.

Болат Айғожин, Павлолар қаласы №34 мектеп директоры/ауд/

-Барлық сыныптарда сабақ тоқтатылғанымен, бұл аяздың пайдасы да жоқ емес. Қазір тұмау кезеңі ғой. Аяз бұл вирустың тарамауына кедергі жасайды. Ал алдағы күндері суық басылмаса, оқушыларымыз «Күнделік» жүйесі арқылы сабақ оқиды. Сондықтан бағдарламадан қатты қалмаймыз деп ойлаймын.

Теріскейде де қытымыр аяз қаһарына мінді. Бүгін таңертең Петропавлда минус 36 градус аяз тұрды. Мұндағы мектептерде де сабақ толығымен тоқтатылған. Кешелі бері төтенше жағдай департаменті ұялы байланыс арқылы тұрғындарға қатты аяздың болатыны туралы хабарлама таратып жатыр. Сонымен қатар, жолдар жабылып, қалааралық байланыс тоқтатылды. Мұндай аязда  көлікті оталдыру да жүргізушілер үшін де мұңға айналған. Таңертең машиналары қатып қалған жұрт жұмыстан кешігіп жатты.

Серік Ғалиев, көлік жүргізушісі:

-Бүгін міне таңертең -36 градус ұстап тұр. Машина оталмай жатыр. Анау мынау жұмыстар машинасыз бітпейді, сол себепті резервный группаны шакырып оталдырып қыздыру керек. Күн салқын аяз. Машинасыз жұмыс бітпейді, -қанша алады олар? -олар қарап қыздырып неткеніне бес мың алады, придется беруге, бес мың не істейсіз?

Шығыс Қазақстан облысын да сарышұнақ аяз қыспаққа алды. Бүгін аталған өңірдің кей аудандарында ауа температурасы аяқ астынан күрт төмендеп кеткен. Соның кесірінен, мұндағы мектептерде де сабақ жоқ. Ал Бородулиха ауданында аяздың рекордттық көрсеткіші тіркеліп отыр. Онда сынап бағынасы 45 градусқа бір-ақ жеткен. Сондай-ақ, жағдай Семейде де, мәз емес. Жұрттың аулада тұрған көліктерінің бәрі қатып жатыр. Ал, қаладан шығатын күре жолдарға түгелдей тегіс тосқауыл қойылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде