Балқашта бұзақылар 50-ден аса жеңіл көліктің дөңгелектерін жарып кеткен
Балқашта бір түннің ішінде бұзақылар аулада тұрған 50-ден аса жеңіл көліктің дөңгелектерін жарып кеткен. Солардан зардап шеккендер полицияға арыздарын қарша боратып жатыр. Қаскөйлер, аулада жағалай тұрған көліктердің ешқайсысын оңдырмапты. Көбінің тіпті, бірлі жарым емес, төрт дөңгелегін де кесіп кеткен. Тұрғындардың біразы бұл бұзақылардың әрекеті десе, кейбірі дөңгелек жөндеу стансасын ұстайтындардың ісі ме деп те күдіктенеді. 50-ден аса адамның арызын қазір полиция тіркеп, қылмыстық іс қозғадық деп отыр.
Автор: Саят Сабдалы
22.01.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!