Алматы облысында иттерді жауыздықпен аулаған ер адамдар жұрттың ашуын туғызды
Қаңғырған төбеттерге қатыгездік! Алматы облысында иттерді асқан жауыздықпен аулаған ер адамдар жұрттың ашуын туғызды. Қорланған жануарлардың видеосы бүгін желіде пайда болған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
22.01.2018
Болжам бойынша, бұл оқиға Ащыбұлақ ауылында орын алған. Ер адамдар ұстап алған иттерін мойнынан темір сыммен тартып, артынша көлікке бар күштерімен лақтырып жібереді. Жеті қазынаның біріне мұндай аяусыздық танытқан кәсіби ит аулаушылар емес дейді куәгерлер. Қазір жантүршігерлік видео желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Жұрт төбеттерді қорлағандарды тиісті жазаға тартуды талап етуде. Ал, олардың кім екенін енді полиция анықтамақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!