{metadescription}
Таразда қатаң үкіммен келіспегендер сот залында шу шығарды
Таразда қатаң үкіммен келіспегендер сот залында шу шығарды

Таразда қатаң үкіммен келіспегендер сот залында шу шығарды

Таразда есірткі тасымалдау және сатумен айналысқан бір әулеттен құралған қылмыстық топқа қатысты сот шешімі шықты. Судьяның қатаң үкімімен келіспегендер оған қаулыны соңына дейін оқуға мұрша бермей сот залын басына көтерді. Айғайға басқандарды тіпті күзетшілер де сабасына түсіре алмай әбден әуреленді. 

Жанұшыра айғайлап, басын әйнекке ұрып жатқан әйел қылмыстық топтың жетекшісі. Осы 51 жастағы айыпталаушы 17 жыл өзіне кесілген жазамен келіспей, шу шығарды. Қалғандары соны қоштай кетіп, сот залы азан-қазан болды. Сотталған 9 адамның алды 17, соңы 15 жарым жылға түрмеге жабылды. Бұлардың бәрі бір-біріне туыс болып келеді. Үшеуі еркек, қалғандары әйел. Бұл ағайындылар өткен жылдың наурыз айында есірткі тасымалдады және сатты деген күдікпен қамауға алынған.  Үйлерін тінту кезінде екі жарым келі героин тәркіленген болатын. Сол кезде де 51 жастағы қылмыстық топтың жетекшісі өзінің ақ екенін айтып балбалам салған еді.

- Чо такое?

- Чо такое? Ну кА дай, дай! Дай посмотрю! Я посмотрю!

- Не надо не надо.

- Пашааа! Паша! Они подбросили! … Пашааа!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде