Қарағанды облысында бір үйде 5 адам түтінге тұншығып өлді
Қарағанды облысында бір үйде 5 адам түтінге тұншығып өлді. Олардың барлығы сол жерде сеспей қатса, ес-түсінен айырылған бірі Қарағандының орталық ауруханасына әкелінген. Оның жағдайы өте ауыр екен.
Автор: Саят Сабдалы
22.01.2018
Болжам бойынша, Дубовка кентіндегі мына үйдің ішіне пештегі шаладан шыққан ыс тараған. Мамандар түтінді әбден жұтқандар уланғандарын сезбей де қалуы мүмкін дейді. Өйткені бұл үй араққа салынғандардың ұясына айналған жер көрінеді. Өлі денелерді де осындай жерлерді тексеріп кететін полицейлер тапқан. Қазір 56, 36 және 32 жастағы әйел адамдардың кім екендері белгілі болса, қалған екі еркектің кім болғаны анықталмай жатыр. Өйткені ішкілікке әбден салынғандардың құжаттары да жоқ боп шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!