{metadescription}
Елімізде қақаған аяз апта соңында бірақ қайтуы мүмкін
Елімізде қақаған аяз апта соңында бірақ қайтуы мүмкін

Елімізде қақаған аяз апта соңында бірақ қайтуы мүмкін

Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарын қатты аяз шалды. Күн райының тосын мінез танытуы әсіресе теміртаулықтар үшін қиын тиіп тұр. Өйткені, мұнда жылу қазандығы істен шығып, жұрт үйінде бүрсең қағып отыр. Қатты аяз Астана, Павлодар, Петропавл және Семей қалаларының тұрғындарын да әбіргерге салуда. Қазір бұл өңірлерде сынап бағанасы минус 40 градусқа жақындаған. Осыған байланысты мектептерде сабақ тоқтатылып, облыс орталықтарынан шығатын барлық жолдар жабылған. Синоптиктер болса, үскірік аяздың беті тек апта соңына қарай қайтады деген болжам айтуда.

Сынап бағанасының күрт төмендеуі әсіресе теміртаулықтарға қиын тиді. Өйткені, мұнда дәл сарышұнақ түскенде жылу қазандығы істен шыққан. Саддарынан мұндағы тұрғын үйлердегі температура небәрі 10 градусты көрсетіп, жұрт жаурап отыруға мәжбүр. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Теміртаудан басқа қалаларда жылу станциялары жөнді жұмыс істеп тұр. Тіпті, Шығыс пен Солтүстік өңірлерде қазандықтар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен.Ал істен шыққан теміртаулық қазандықты қалпына келтіру үшін күні-түні жұмыс жүруде.

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

-Әзірге жөндеу жүріп жатыр. Төрт қондырғы ғана істеп тұрған соң, үйлерге жылу әлсіз беріліп тұр. Бүгін кешке дейін тиісті жұмыстар аяқталып, жылу қазандығы толық қуатына енеді.

Ал Бозымбаев бұрын басқарған Павлодар облысында қазір

аяз минус 40 градусқа жақындаған. Алдағы күндері 51 градусқа дейін жетеді деп күтілуде. Тосын мінез танытқан ауа-райы жаяу жүргіншілер түгілі, қоғамдық көліктерді де біраз әбігерге салды. Мәселен, бүгін жолаушылар мінген шаһардағы трамвайлардың бірі істен шығып, соңында келе жатқан өзге вагондардың қозғалысын шектеді. Болжамға қарағанда, дәл осы аяздың кесірінен байланыс сымдары тұйықталыпты. Сондай-ақ, жолаушылар автобусы да отқа оранды. Бұған қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ. Өңір бойынша да әзірге үсік шалған азаматтар тіркелмеген. Десе де, ақ халаттылар мұндай науқастарды қабылдауға сақадай сай екенін айтуда.

Нұржан Қаскен, травматолог-дәрігер:

-Үсік шалумен науқастар саны аз. Бірақ біздің мекеме бұл оқыс жағдайға дайын. Және де осы қаланың тұрғындарына өтініш ұзақ сапар мен жолға шықпауды сұарймыз. Және ішімдіктен тыйылуды сұраймыз.

Қатты аязға байланысты кешеден бері Павлодардан шығатын барлық жолдар жабық тұр. Десе де, құтқарушылар Екібастұз ауданында жолушыларға лық толы Шымкент-Новосібір автобусын тоқтатқан. Қазір ондағы 52 азаматты жылы жерге орналастыру мәселесі шешілуде. Ішінде Өзбекстан азаматтарының да барын айта кетейік. Дәл осындай автобус Успенка ауданында да тіркелген. Ондағы 32 жолаушы қазір аудандық колледжде жылынып отыр. Үскірік аязға байланысты бүгін өңірдегі барлық мектептер мен бірінші курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды.

Болат Айғожин, Павлолар қаласы №34 мектеп директоры:

-Барлық сыныптарда сабақ тоқтатылғанымен, бұл аяздың пайдасы да жоқ емес. Қазір тұмау кезеңі ғой. Аяз бұл вирустың тарамауына кедергі жасайды. Ал алдағы күндері суық басылмаса, оқушыларымыз «Күнделік» жүйесі арқылы сабақ оқиды. Сондықтан бағдарламадан қатты қалмаймыз деп ойлаймын.

Теріскейде де қытымыр аяз қаһарына мінді. Бүгін таңертең Петропавлда минус 36 градус аяз тұрды. Мұндағы мектептерде де сабақ толығымен тоқтатылған. Кешелі бері төтенше жағдай департаменті ұялы байланыс арқылы тұрғындарға қатты аяздың болатыны туралы хабарлама таратып жатыр. Сонымен қатар, жолдар жабылып, қалааралық байланыс тоқтатылды. Мұндай аязда  көлікті оталдыру да жүргізушілер үшін де мұңға айналған. Таңертең машиналары қатып қалған жұрт жұмыстан кешігіп жатты.

Серік Ғалиев, көлік жүргізушісі:

-Резервный группаны шакырып оталдырып қыздыру керек. Күн салқын аяз. Машинасыз жұмыс бітпейді, -қанша алады олар? -олар қарап қыздырып неткеніне бес мың алады, придется беруге, бес мың не істейсіз?

Сарышұнақ аяз Шығыс Қазақстан облысын да қыспаққа алды. Бүгін аталған өңірдің кей аудандарында ауа температурасы аяқ астынан күрт төмендеп кеткен.Соның кесірінен, мұндағы мектептерде де сабақ жоқ. Ал Бородулиха ауданында аяздың рекордттық көрсеткіші тіркеліп отыр. Онда сынап бағынасы 45 градусқа бір-ақ жеткен. Сондай-ақ, жағдай Семейде де, мәз емес. Жұрттың аулада тұрған көліктерінің бәрі қатып жатыр. Ал, қаладан шығатын күре жолдарға түгелдей тегіс тосқауыл қойылған.

Қырық градустан асатын аяз Елорда тұрғындарын да тығырыққа тіреді. Осыған байланысты бүгін астаналық он мың оқушы сабаққа бармай, үйлерінде отыр. Ал синоптиктердің айтуынша, солтүстік аймақтағы аяздың беті тек апта соңына қарай қайтады. Бұған қоса, алдағы күндері еліміздің оңтүстік-шығыс өңірлерінде де күн суытады деп күтілуде.Сондықтан мамандар жұртқа алыс сапарға шықпай, айналадағы адамдарға да бас-көз болуды ескертуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.