Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жаңа дерек! Экс-министр Қызылордадағы шыны зауытына бөлінген 1 миллиард теңгені жымқырып қана қоймай, ұрлықты бүге-шүгесіне дейін өзі ұйымдастырған болуы мүмкін. Бүгін сотта прокурорлар Бишімбаевқа осындай жаңа айыптау қорытындысын оқыды.
Автор: Досжан Маратұлы
22.01.2018
-Организовал растрату, то есть хищение чужого имущества, вверенного виновному, совершенное группой лиц по предварительному сговору, лицом с использованием своего служебного положения, в особо крупном размере.
Яғни, бұған дейін бұрыңғы Ұлттық экономика министріне «аса ірі көлемде бюджет ақшасын ұрлап», «пара алды» деген айып тағылған еді. Енді «қылмыстың ұйымдастырушысы» деп таналып, тағы бір бап қосылып отыр. Жаңа айыптау қорытындысының бұдан өзге айырмашылығы жоқ. Тек прокурорлар шатылып жатқан 22 адамның қылмыста қандай рөл атқарғандарын қайталап, нақтылап берді. Сондай-ақ, бұған дейін кінәларын мойындаған сегіз айыпталушы, прокурорлармен келісіп, тергеуге көмектесуге ниет білдірді. Арасында «Бәйтерек DEVOLEPMENT»-тің басқарушы директоры болған Дильрух Анарбай мен экс-топ менеджер Садуақас Сапарымбетов бар. Қалғаны кәсіпкерлер. Ал, экс-министр Бишімбаевтың өзі сол күйі кінәсін мойындаған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!