{metadescription}
0:000:00
Шымкентте банкке қырғидай тиген азамат сотталды

Шымкентте банкке қырғидай тиген азамат сотталды

45 жастағы алматылық тұрғын бір қаржы ұйымының миллиондарын екі мәрте үптеп кеткен еді. Кінәлі делінген Леонид Коломейцевті сот 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Қылмыскер 2016 жылы банктің Алматы қаласындағы бөлімшесін тонап, тағы бір жылдан соң Шымкенттік филиалында осындай әрекет жасаған. Сол жерде видеоға түсіп қалыпты. Қарақшының тым сабырлы әрекеті таңданыс тудырады. Жұмыс уақыты аяқталар кезде бетін бетпердемен тұмшалаған ол ғимарат ішіне кіріп, жарылғыш пакет лақтырады. Бөлімше іші түтінденген сәтте асықпастан кассаға кіріп 16 миллион теңге, 23 мың АҚШ долларын және 85 мың ресей рублін алып кеткен. Банк қызметкерлері құзырлы органдарға дер кезінде хабар бергенімен, тонаушы оп-оңай кетіп қалды. Банкке өз үйіндей кіріп, асықпай тонауына себебі осыған дейін Леонид Коломейцев Алматыдағы бөлімшеде 3 жыл инкассатор қызметін атқарған. Яғни мұндағы жүйені жақсы білетіндіктен, тонау қиынға түспепті. Сот барысында ол қылмысын толық мойындап, өкінетінін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.