{metadescription}
Лондонда ауаға газ тарап, тұрғындарға үлкен қауіп төндірді
Лондонда ауаға газ тарап, тұрғындарға үлкен қауіп төндірді

Лондонда ауаға газ тарап, тұрғындарға үлкен қауіп төндірді

Төтенше жағдай Стрэнд деп аталатын Лондонның орталық көшелерінің бірінде болған.

Ауасы уланған аумақтан мың жарымға тарта адам дереу қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың дені қонақ үйлер мен түнгі клубта қаннен-қаперсіз демалып жүргендер екен. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір газ тараған жердегі жолдар жабылған. Тіпті, мұндағы метро және темір жол станциялары жұмысын тоқтатты. Қауіпті аумақта көліктер мен жаяу жүргіншілердің жүруіне қатаң тыйым салынды. Лондондағы Чаринг-кросс вокзалы да жабық тұр. Сондықтан, мыңдаған жолаушы сапарын кейінге шегеруге мәжбүр. Ал, оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеуде. Газдың тарау себебін  солар анықтамақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде