Қуатты зілзаланың арты тасқынға ұласпақ
Аляска жағалауында болған 8,2 балдық жер сілкінісінен соң жойқын цунами қаупі жарияланды. Енді санаулы сағаттардан соң АҚШ-тың батыс жағалауы мен Канаданы топансу басып қалуы мүмкін.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
23.01.2018
Зілзаладан соң, көп ұзамай америкалық цунами туралы ескерту орталығы теңізде көтерілген дауылдың жылжу картасын жариялады. Болжам бойынша, табиғат апаты 4 сағаттың ішінде Калифорния жағалауына жетеді. Осы уақытта Гавай аралдарының да белуардан су кешіп қалу қаупі жоғары. Ал, Жаңа Зеландияны цунами 15 сағаттан соң жайпап өтуі мүмкін. Бұл өңірлердің тұрғындары табиғат апатын үреймен күтіп отырса, осы сәттерде «алып толқын» Кадьяк аралдарына жетіп қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!