Доллар құлдырап, теңге одан әрі нығаюда
Бүгін қор биржасындағы сауда-саттықта төл ақшамыз тағы 1,45 теңгеге қымбаттап, долларға қатысты бағам 323-ті құрады.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
23.01.2018
Ал, кеше АҚШ валютасына қатысты теңге құны 324,65-ке барып тоқтаған болатын. Дәл қазір ақша айырбастау орындарында 1 доллар 322-323 теңгеден саудалануда. Сарапшылардың болжамынша, алдағы 2 айда Ұлттық ақшамыз қазіргі құнында тұрақтайды. Ал, одан кейінгі теңгенің тағдыры Ұлттық банктің қолында дейді экономистер. Өйткені, соңғы кездері ақшамыздың әдеуір қымбаттауына базалық мөлшерлеменің төмендетілуі оң әсер еткен. Теңгенің қымбаттауына септігін тигізген тағы бірнеше факторлар бар.
Әкімжан Арупов, сарапшы:
- Мұнай, алтын, күміс нарығында тұрақтылық байқалуда. Тіпті, өсім де бар десек болады. Қазір долларға қатысты Ресей рублі де нығайып келеді. Ұлттық банктің ұстап отырған саясаты да теңгеге оң әсер етіп отыр деп ойлаймын. Банк базалық мөлшерлемені 0,5 пайызға төмендетті. Әрине, бұдан кейін теңге нығаяды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!