Алматыда Сейфулин көшесінің бойындағы жер телімдерін алу жұмыстары басталады
Қала әкімдігі үйлердің қашан сүрілетінін мәлімдеді. Алайда шаһар басшылығының бұл бастамасын Жетісу ауданының тұрғындары қолдап отырған жоқ. Олар жергілікті билік ұсынған ақша аз дейді.
23.01.2018
Сағындық Стамбакиев, Алматы қаласының тұрғыны:
- Арызданам. Көшпеймін мен. Жасым жетпіске келді. Қайда барам. Ұлым жоқ менің. Басқа үйім жоқ менің.
Сағындық ақсақал төрт сотық жерін 25 миллион теңгеге бағалап отыр. Ал, алты сотық жері бар көршісі 35 миллион бермесе ешқайда кетпеймін дейді. Сүріледі деп тізімі жарияланған отызға жуық телім иелерінің ешқайсысы үйлерін нарық бағасынан төмен бергісі жоқ. Себебі, шетке ауданға көшкісі келмейді, ал қаланың жоғары жағында үйлер қымбат. Ақ жағылалардың айтатын жалғыз-ақ уәжі бар. Заңда көрсетілген тәртіп бойынша бәрін тәркілейміз дейді. Жолайрықтар салу үшін Сейфулин мен Жансүгіров көшелерінің қиылысынан бөлек Түркісіб ауданындағы Шимякин көшесінің бойындағы үйлер де сүріледі. Жалпы әкімдік төменгі аудандардағы 259 жер телімін иелерінен сатып алмақ. Бірақ бұл кезең-кезеңмен жүзеге асады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!