Енді елімізде халықаралық жолаушылар тасымалымен айналысатын компанияларға талап күшейеді
Әсіресе, автобусы адамға толса болды кестесіз жүре беретіндерді жөнге салмақшы екен. Ақтөбе облысындағы қайғылы оқиғадан соң тексеруге кіріскен үкімет өкілдері енді заңмен
Автор: Жаңалық Ахаш
23.01.2018
тәртіпті күшейтеміз деп отыр.
Жеңіс Қасымбек, ҚР инвестициялар және даму министрі:
-Халықаралық деңгейде жолаушылар тасымалдайтын компанияларға қатысты талап күшейеді. Бұл жерде, әсіресе, тұрақты кесте бойынша жүрмейтіндер мәселе тудырып отыр. Көліктің иесінен бастап, жүргізушісіне дейін заң бұзады. Оны тексеру нәтижесі де көрсете жатар. Бірақ жолаушылар тасымалымен айналысатындарға қатысты заң түбегейлі өзгеретіні анық.
Елімізде қала арасына қатынайтын автобустардың кестесі жолға қойылған. Оларды бекеттен арнайы тексеріп жібереді. Бірақ өзге мемлекеттерге жолаушылар таситындар уақыт талғамайды. Оларды бақылап жүрген ешкім жоқ. Мұны министрліктегілер де мойындап отыр. Өйткені, Ақтөбеде отқа оранған автобус кестесіз-ақ жолға шыққан. Техникалық тексеруден екі жылдан бері өтпеген. Осыған байланысты көлік иесі әлі күнге дейін іздестіріліп жатыр. Сондықтан осылай қалай болса солай жолаушы таситын автобустарды бір айлық тексеру кезінде анықтамақшы. Көлік инспекторлары кешелі бері жол торуылдап жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!