Кабулда қаза тапқан Ерлан Жанпейісовтің денесін елге жеткізу мәселесі шешілмей жатыр
Сыртқы істер министрлігі бюджеттен арнайы қаражат бөлу мәселесіне кіріскенімен, қаптаған құжат жинау кесірінен ол жақын арада мүмкін болмайтын секілді.
Автор: Ербол Тұрымбет
23.01.2018
Өйткені, көптеген анықтама қағаздарын жинау керек. Ал атыс-шабыссыз күні өтпейтін Ауғанстанда бұл жұмыс тіпті қиынға соғып отыр екен. Сондықтан, министрлік қосымша мүмкіндік ретінде бір ауған компаниясының көмегіне жүгінбекші болыпты. Бірақ, олар марқұмның мәйітін Қазақстанға жеткізіп беруге 20 мың доллар сұраған. Айта кетсек, 39 жастағы Ерлан Жанпейісов Кабулға қазан айында жергілікті телекоммуникациялық компаниялардың бірінің шақыруымен барған. Бірақ, оқыста лаңкестер шабуылының астында қалып, күштік құрылымдармен атыс барысында біздің отандасымыз көз жұмған. Марқұмның артында 13 жастағы ұлы мен 3 жасар қызы қалған. Ал оның денесін елге жеткізуге басқа бір ауған компаниясын жалдауы мүмкін.
Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:
-Ол бізге жағдайды түсініп, жалпы сомасын төмендетіп, 6-7 мың құрайтын тасымалын бізге ұсынды. Қазіргі таңда біздің дипломаттарымыз туыстарымен бірге әр түрлі вариантарын қарастырып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!