{metadescription}
Назарбаевтың АҚШ-қа сапары қауіпсіздік кеңесінің басты тақырыбына айналды
Назарбаевтың АҚШ-қа сапары қауіпсіздік кеңесінің басты тақырыбына айналды

Назарбаевтың АҚШ-қа сапары қауіпсіздік кеңесінің басты тақырыбына айналды

Бүгін Елбасы Ақордаға күш құрылымдарынң жетекшілерін жинап қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.Мемлекет басшысы Амерада қол жеткізген келісімдерді қалай жүзеге асыру керектігін талқылады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

-Келіссөздер жүргізгеннен кейін біздің жағымыздан не істеу керек,жоғарғы басшылардың арасында, бірталай кездесулер болды. Ішкі саясат, сыртқы саясат өңірлік саясат экономика жағынан жақсы келіссөздерге қол жеткіздік. Соны бүгін сіздерге баяндап, біз өз жағымыздан не істейміз, соны қарайтын боламыз. Содан кейін өзіміздің ішкі мәселерді қараймыз.

Өйткені АҚШ-қа сапары кезінде Елбасы әріптесі Дональд Трамппен әлемдік саясаттан бастап, Орта Азиядағы ахуалды сөз еткен еді. Әсіресе, күнде терактіден көз ашпайтын  Ауғанстандағы жағдайда назардан тыс қалған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үйдің қожайынына бұл мәселеге қатысты өз ойын айтып, Орта Азия мемлекеттерінің ұстанымын білдірген болатын. Тіпті Америкамен бірге бұл тақырыпқа қатысты келіссөздер өткізуді ұсынған. Бұдан бөлек, қауіпсіздік кеңесінің отырысында елдегі жағдайда сөз болды. Бірақ  құпия мәліметтер айтылатындықтан, отырыстың негізгі бөлігі жабық есік жағдайында жалғасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.