{metadescription}
Жаңадан құрылатын ұлттық компания әуедегі апатты азайта ала ма?
Жаңадан құрылатын ұлттық компания әуедегі апатты азайта ала ма?

Жаңадан құрылатын ұлттық компания әуедегі апатты азайта ала ма?

Аты бар да заты жоқ.  Елімізде азаматтық авиация қауіпсіздігін қадағалайтын  тағы бір ұлттық компания құрылатын болды. Бірақ Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің ауқымды жоспары әзірге қағаз жүзінде ғана.  Ал бюджеттің мол ақшасына құрылатын жаңа ұлттық компания әуедегі  апатты азайта ала ма?

Ағылшын үлгісінде жасақталатын жаңа мекеме министрлікке бағынышты болады. Елдегі ұшақ санының артуы мен авиациялық жұмыстардың көбеюінен ұшақ апаттары да жиілеген дейді министр. Сондықтан, министрлік бұл салаға бас ауыртқысы келмесе керек, оны жеке мекеменің мойнына жүктеп қоймақшы. Мәселен, былтырдың өзінде ел аумағында 5 шағын ұшақ құлап, соның салдарынан 11 адам қаза тапқан.

Олардың ішінде көбірек адам шығыны болғаны – қазан айындағы Ан-28 санитарлық авиация ұшағы мен Азаматтық авиация академиясының «Текнам» оқу-жаттығу ұшағының құлауы болды. Екі жағдай бойынша да тергеу әлі жалғасып жатыр. Жаңадан құрылатын ұлттық компания енді осындай олқылықтарды жібермеуі тиіс.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Біз британ үлгісін енгізудің жолдарын әзірледік. Ол үшін заңға бірқатар өзгерістер енгізу керек. Яғни, ұшу қауіпсіздігі бойынша бақылау-қадағалау қызметтері жаңадан құрылатын компанияның құзыретіне өтеді.

Министрлікке бағынышты болғанымен, мәселенің екінші қыры да бар. Қарапайым қызметкерлерінің жалақысынан бастап, компанияның бүкіл тыныс-тіршілігін қоса алғанда оған аз ақша кетпесі анық. Сондықтан, оның өз бюджетін құруға мемлекет біраз шығындалуы мүмкін.  Әуе көліктері халықаралық қауымдастығы солай деген болатын. Яғни, біздің әуежайларымыз халықаралық бағыттар үшін ұшу-қону тарифін бірнеше пайызға көтеріп жіберді деген еді.

Оған себеп, мемлекет тарифтің осы түрін реттеп отырудан бас тартқан соң, әуежайларда баға өзгерген. Соның кесірінен шетелдік әуе компаниялары Астанаға ұшатын бағыттарын қысқартуға мәжбүр болған.

Бірақ, министр Жеңіс Қасымбек бұл сөзді өтірік дейді. Британия, Чехия, Австрия әуе компанияларының Астанаға ұшқысы келмей қалуына негізгі себеп бұл емес. Өйткені, жаңа тариф жаңа жылдан бастап енгізіліп жатыр. Ал әлгі компаниялар бағыттарын осыдан біраз уақыт бұрын тоқтатқан екен. Министрдің айтуынша, тариф қымбаттады дегеннің өзінде қазіргі қалыптасқан баға Мәскеу әуежайынан екі есе, Бішкек әуежайынан үш есеге дейін арзан.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

-Астана әуежайы бойынша ұшып-қонатын әуе көлігінің тоннасына 5,6 доллар алынады. Ал көрші елдерді алсақ, бұл тариф Домодедовода – 11,5 доллар, Ташкентте – 19,8 доллар, Новосібірде – 11,5 доллар, Екатеринбургте – 17,4 доллар.

Дегенмен, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев халықаралық әуе компанияларынан айрылып қалмау керектігін айтып отыр. Сондықтан, бәсекелестік орта қалыптастыру үшін Қазақстанда жұмыс істеп жатқан әуе компанияларының әрқайсысының пікірін ескеру қажеттігін ескертті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде