{metadescription}
Алматы облысында көмір кезегіне таласқан тұрғындар бір-бірін таптап кете жаздады
Алматы облысында көмір кезегіне таласқан тұрғындар бір-бірін таптап кете жаздады

Алматы облысында көмір кезегіне таласқан тұрғындар бір-бірін таптап кете жаздады

Өйткені, аймақта бір айдан бері кесек отыны таптырмай жатыр. Кенеттен көмір таситын жүк көліктердің қарасы күрт азайып, салдарынан пеш жағып күнелткен елдімекендер жаппай көмір базаларының алдында түнеп жүр. Десе де, кезекке тұрғанымен көмірдің өзі жоқ.

Көмір базасының ауласы вокзалға айналғандай. Көлік пен табанынан тік тұрып күткен халық көп. Бәрі тым болмаса бір қап көмір көтеріп кетуге дәмелі. Тек қап тұрмақ, даңғадарай қоймада көмірдің бір түйір тасы да жоқ.  

Қалайда көмір алып қайтуды көздеген жұрт таңғы жетіден кетпей кезекте тұр. Бірақ, олардың бүгінде құр алақан қайтатын түрі бар. Әншейінде аузы-мұрны толып тұратын база қожайындары қыстың нағыз қақылдаған шағында кенеттен пайда болған тапшылықты өзінше түсіндіріп әлек. 

Алматыдан аз көмір алып жатырмыз дегеннен басқа есіктің ар жағынан басқа мардымды жауап айтылмады. Ал жер үйде бала-шағасы дірдіктеген жұрт дарбазадан сығалап қалды.  

Сардал Тұрылов, Алматы облысының тұрғыны:

- Бір апта болды көмірге келемін бос кетемін үйге.  Үй суық, балалар тоңып кетті!

Басқа базаларда да жағдай осы. Сатушылар бұрыш-бұрышта қалып кеткен қалдықты қаспақша қырып беріп жатыр. Көмірге күні қарағандардың бірі -Жәмилә Рыспбекова. Жасы жетпіске таяған әже жаурап, жұртпен бірге көмір базасында жүр.  Тапшылықта тауардың құны өсетін әдеті көмірді айналып өтпеген. Тасымалдаушылар оның құнын тоннасына 16 мың теңгеден 19 мың теңгеге бір-ақ көтеріпті. Бірақ, қолы әрең жеткенде оған қараған халық жоқ. Керісінше, кезек үшін жанжалдасып қалды.Бұл жанжалды естіп, жергілікті атқамінрелер де көмір базаларына жетіп келген. Бірақ, олардың қолынан көмір үшін қырғын төбелес болдырмаудан басқа іс келмей тұр.

Руслан Бәкиев, Есік қаласы әкімінің орынбасары:

-Алматыда көмір жоқ. Соның салдары енді аудандарға жетті. Алыс-жақын жатқан барлық ауылдық аймақтар көмірді бізден алады. Көмірдің жетіспей жатқаны біздің кінәмізден емес! Көмір жетпейді, жетпейді! Болды!

Салдарынан көгілдір отыны жоқ тұрғындар сақылдаған сары аязда әрі қарай да көмір іздеп, қоймалардың табалдырығын тоздыруға мәжбүр.

-Міне қазір ғана келіп түсірілген 39 тонна көмірден қарап отырсаңыздар түк қалмады. Адамдар шетінен келіп талап әкетіп жатыр. Дегенмен алматы облысында дәл осындай 39 тонналық 3 көлік келе жатыр екен. бірақ дегенмен шенеуніктердің айтуынша ол 1 аптаға да жетпейтін көрінеді. Әрі оны талап әкететін кезек сыртта толып тұр. Мұндай тапшылықтың қанша уақытқа дейін жалғасатыны белгісіз, дегенмен тұрғындарды жылу отынсыз қалғаннын ескерген жергілікті атқамінерлер әрбір отбасыға шектеулі түрде көмір беруді қолға алып, қазір міне көлік көлікке теңдей бөілп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.