{metadescription}
Сұмдық апаттан көз жұмған Өзбекстан азаматтары жерленді
Сұмдық апаттан көз жұмған Өзбекстан азаматтары жерленді

Сұмдық апаттан көз жұмған Өзбекстан азаматтары жерленді

Ақтөбе облысында автобуста тірідей өртенген 52 Өзбекстан азаматы жерленді. Олардың сүйегін бірден туған ауылдарына жеткізген.

Осы уақытқа дейін марқұмдардың ДНК сараптамасының қортындысын күтіп, кім екендері толық анықталған еді. Олардың 32-сі Наманган облысының тумалары болса, қалғандары Ташкент маңындағы ауыл тұрғындары. Таңғы сағат сегізде жаназа намазы оқылып, үш күн бойы садақа беріледі. Қаралы отбасыларға өзбек салтымен түске дейін азаматтар, түскен кейін әйелдер көңіл айтып кіріп жатыр. Ал автобустағы өрттен соң еліміздегі барлық жолдарда тексеру басталды. Үш жыл бұрын халықаралық деңгейде жолаушылар таситын көлікті бақылау полицейлерге жүктелген еді. Бірақ олардың оңдырып қадағаламағынан соңғы оқиғалар көрсетіп отыр. Енді олар көлік инспекторларымен бірлесе демалыссыз ақпанның ортасына дейін тас жолдағы бекеттерде күзетте тұратын болады.

  Сұлтан Мұсағалиев, Ақтөбе облыстық көлік инспекциясының жетекші маманы:

-Оларда көбінесе қарапайым техосмотр өтпейді. Бортовой журналдары болмайды. Жолаушылардың аты-жөні болу керек қой. Ондай жоқ. Соған қатысты ГАИ мамандарымен жұмыс жүргізіп жатырмыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде