{metadescription}
Депутаттар көлік компанияларының жауапкершілігін күшейтуді талап етті
Депутаттар көлік компанияларының жауапкершілігін күшейтуді талап етті

Депутаттар көлік компанияларының жауапкершілігін күшейтуді талап етті

Өйткені, заңды белшеден басып, бас-басына би болған фирмалар адамдардың өмірін қауіпке тігіп отыр. Сондықтан мәжілісмендер бүгін премьер-министрдің атына сауал жолдап, бұл іске дереу араласуын сұрады.

-Толығырақ, төменгі палата отырысына қатысқан тілшіміз айтып беруге дайын. Қайырлы күн Досжан. Сонымен, мәжілісмендердің ұсынысы туралы толығырақ айтып берсең?

-Қайырлы күн Алматы, Иә, халық қалаулылары да автобус апаттарының жиілеп, ажал құшқан адамдардың артуына алаңдап отыр.

Бұл орынды да. Өйткені, Ақтөбе облысында 52 адамның тірідей жанып кетуі, заңды белшеден басқан көлік компанияларын тездетіп жөнге салуға мәжбүрлеп отыр. Бұлай жалғаса берсе, жолаушылардың шығыны бұдан арта түсуі мүмкін дейді мәжілісмендер. Өйткені, адам тасымалымен айналыстын фирмалардың көбінің автобусы әбден тозған. Ал, оны жаңасына ауыстыруды қойып, бизнесмендер бұзылған көлікті жөндеуге артық ақшасын қимайды. Тіпті, апат бола қалса, компания басшысы емес, көбінде жүргізуші кінәлі болып шығады. Сондықтан істі премьер-министрдің бақылауға алуын сұрады мәжілісмендер. 

Ержан Құдайберген, Мәжіліс депутаты:

-Осыны ескере отырып, транспорттық компаниялардың жауапкершілігін арттыру қажет деп санаймыз. Алдағы уақытта жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жан-жақты шаралар өткізіп қатал талап қою. Автобустардың мерзіміне шектеу жасау, заманаую құрылғыларды пайдалануға міндеттеу. Автобус жүргізушілерінің денсаулығын тексеріп, бақылауды күшейту керек деп есептейміз.

Депутаттар осылай бастама көтеріп жатқанда Бас прокуратура нақты іске кірісіп кетті. Бүгін Қайрат Қожамжаров Көлік прокуратурасына жолушы тасымалдайтын барлық автобустарды тексеруге пәрмен берді.Енді заң өкілдері көлік компанияларының құжаттарынан бастап, автобустардың техникалық жағдайына дейін, яғни адам тасуға жарай ма жарамай ма толық тексеруі тиіс. Сөйтіп, автобус апаттарының саны азаяды деген үміт бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде