Ұлттық қордың 22 миллиард долларына салынған бұғат алынып тасталды
Амстердам соты Ұлттық банктің өтінішін қанағаттандырған. Яғни, сот Қазақстан үкіметі мен молдовалық бизнесмен арасындағы дауға бұл ақшаның еш қатысы жоқ деп шешкен.
Автор: Ербол Тұрымбет
24.01.2018
-Нидерландының сот орындары Статидің бұл активтерді бұғаттау туралы өтінішін бұған дейін де қайтарып тастаған болатын. Стати бұл мәліметті жасырып, сотты шатастырған. Сот сонымен бірге, Статиге Қазақстан тарапына сот шығындарын өтеп беруді жүктеді.
ҚР Әділет министрлігі.
Қазақстан Үкіметін сотқа берген молдовалық бизнесмен осыдан он жыл бұрын Маңғыстау облысында газ өңдейтін зауыт болуы тиіс болған. Алайда құрылысты уақытылы аяқтамапты. Соңында шетелдік инвесторларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанымен, олар қарсы арыз түсіріп 4 миллирд доллар талап еткен. 2013 жылы халықаралық арбитражды сот Анатолий Статидің пайдасына шешім шығарып, еліміз оның қалтасына жарты миллирд доллар салып беруі тиіс болған. Бірақ, үкімет онымен де келіспей, Лондон соты арқылы сол шешімнің үшін жойды. Осы даудың кесірінен, Ұлттық қордың Нью-Йорк Меллон банкінде жатқан 22 миллиард 600 миллион доллары бұғатталғанын айта кетейік. Бұл шудан кейін ел ақшасын сыртта сақтаған дұрыс па деген мәселе де көтерілген еді. Бүгін мәжілісмендер Ұлттық банкті қолдап шықты.
Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты:
-Жоғарғы кепілді құнды қағаздарға салу ол әлемдегі қолданылып жүрген тәсіл. Сондықтан оны біз Ұлттық банк оператор ретінде солар қабылдаған ереже бойынша сол құнды қағаздарға салынады. Өйтпесе, оның түсімдері инфляция жеп қойған болар еді. Сондықтан біз оның өзіндік табыс табатындай көздерін қарастырып отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!