{metadescription}
Шымкентте 200 отбасы жылдар бойы жарықсыз өмір сүрумен келеді
Шымкентте 200 отбасы жылдар бойы жарықсыз өмір сүрумен келеді

Шымкентте 200 отбасы жылдар бойы жарықсыз өмір сүрумен келеді

4 жыл бұрын Сайрам ауданынан Шымкентке қосылған Құрсай елді мекенінің тұрғындары жекеменшік трансформаторға тәуелді. Жекеге жалынуға мәжбүр тұрғындар тоқ қуаты әлсіздігінен де зардап шегіп отырмыз дейді. Қаланың есебіне алыңыздар деп жалынған құрсайлықтарға жергілікті әкімдік бұрындары уәде беріп келсе, соңғы жылдары бас сұғуды қойыпты.

Сайрам ауданынан 4 жыл бұрын Шымкентке қосылған Құрсай ауылы электрі әлсіз күндер мен түнерген түндерден әбден мезі болған. Мұнда 50 абонентке шақталған трансформаторға 200 шақты отбасы қосылған. Ауылдан үй салғандардың әрқайсысын 150 мыңға қосатын трансформатор қожайынының ақша алудан басқа шаруасы жоқ дейді. Қыруар қаржы түсіп жатса да, 11 жылдан бері оның қуатын күшейтпеген. Ал жарық тарифін қымбаттатып жіберіпті.

Ержан Шәріпханов, Шымкент қаласының тұрғыны:

-19 теңгеден төлейміз. Ондай тариф еш жерде жоқ. 500 теңгеден айма ай береміз, жоғалған қуат үшін.  Сосын бір жері жарылса мың теңгеден тағы береміз. 1 күн кешіксең қырқып кетеді. Ол қанша халық бар мына жерде, жағдайы төмен отбасылар бар.

Қит етсе қырқып ұнамаса өзің жарық тауып ал деп қоқаңдайтын қожайынға жұрт құлдай болдық деп күйінеді. Трансформатор иесі кеудеден итерсе, оның құқықорғау органдарында істейтін әйелі тіпті соттатам деп қорқытады дейді. Тоқтың қуаты тым әлсіз болған соң мұндағы ел сылбыр жарыққа берген ақшадан бөлек те шаш етектен шығын болып жатырмыз деп ашынады.

Ажар Өтемісова, Шымкент қаласының тұрғыны:

 -Менің үйде тоқ пешім күйді. Оны да кредитке алғанбыз. Мына көршілердің бәрінің телевизорлары күйіп жатыр.

Бәрінен бұрын балаларға обал. Оларға сабақ оқыту үшін ересектер үйдегі тұрмыстық техниканың бәрін сөндіріп, қуат көбеюі үшін бір ғана бөлменің электр шамын жағып қояды. Оның да көмегі аз болған соң балаларға қосымша балауызбен оқиды. Ал, әйелдер тұрмыстық техниканы қалай қолдану керектігін ұмытатын болдық дейді.

Дүйсенкүл Оразбаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Кірді бір аптада бір жуатын болдық. Онда да барлық бүкіл үйдің жарығын өшіріп, тек стиралканы ғана қосатын болдық.

Жұрт беріп жатқан ақшасының есебін алмаққа трансформатор иесінің үйіне ағылды. Алайда, құрсайлық қожайындарға түсіндірмек түгілі келгендерді соттатам деп қорқытып, бізді де маңына жолатқан жоқ. Жекеменшік трансформатор иесі түгілі мұнда ресми әкімдіктегілер де бас сұғуды қойған. Бұрындары күніге келер жылы қала есебіне аламыз деп алдаусыратып келген билік, соңғы бірнеше жыл тіпті жауап беруді де қойыпты. Бірақ, бізге бәрін қатырып жатырмыз деп жауап берді. Яғни, Құрсайдың 200 ғана отбасына емес, бүкіл 1900-дей үйге түгел орталықтандырылған жарыққа қоспақшы екен. Мәселе тек ақшада ғана дейді. Құрсайлықтардың көз жасының құны 753 миллион теңгеге бағаланыпты.

Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің орынбасары:

-Жаңа талапқа сай қай жерге бетон бағаналар қойылады, қай жерге трансформатор қойылады, бәрі шешіліп қойды. Сомен, тек қана қаржы сұрап отырмыз.

Яғни, ендігі әрекет қала мен облыс басшыларынан болуы керек. Егер билік жеделдетсе жыл аяғына дейін Құрсайлықтардың дауы шешілуі тиіс. Әйтпеген жағдайда, мұндағы ел тайлы-таяғы қалмай әкімдік алдына барып жанжал көтереміз деп отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде