Балқашта 50-ден аса жеңіл көліктің дөңгелектерін жарып кеткендер ұсталды
23 және 24 жастағы жергілікті тұрғындар жасағандарының себебін түсіндіріп бере алмаған. Өйткені олар удай мас болыпты. Сондықтан тәлтіректеген жүрістері сол маңдағы бақылау камерасы түсірген екен. Естеріңізге салсақ, қаңтардың 21-іне қараған бір ауладағы көлік атаулының дөңгелектері жарылған. Көбінің бірлі жарым емес, төрт дөңгелегін де кесіп кеткен. Енді оларға қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал өздері зақымдаған 200-ге тарта дөңгелектің құнын өтеуге шамалары жетер-жетпесін өздері де білмей отыр.
Автор: Саят Сабдалы
24.01.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
29 қараша
Серіктестер жаңалықтары