{metadescription}
Алматыда жедел жәрдем қызметі өлім аузында жатқан науқасқа көмек көрсетуден бас тартқан
Алматыда жедел жәрдем қызметі өлім аузында жатқан науқасқа көмек көрсетуден бас тартқан

Алматыда жедел жәрдем қызметі өлім аузында жатқан науқасқа көмек көрсетуден бас тартқан

Дер кезінде келмеген! Алматыда екі ер азамат арасында дау туындап ақырында өлімге себепші болды. Алайда, марқұмның көршілері жігіттің өліміне жедел жәрдем қызметі кінәлі дейді. Яғни, бір жарым сағат бойы қонырау шалған оларға ешқандай медицина қызметі келмей, бір-біріне сілтеумен болған. Ақырында қансыраған жігіт сол жерде жан тапсырады. Алайда, дәрігерлер өздеріне шаң жуытар емес. Тіпті, кейбірі бізге қоңырау түспеді деп айды аспаннан бір-ақ шығарды.

Он төртінші қаңтар күнгі қанды оқиға дәл осы үйде болған. Екі ер азамат арасында кикілжің туып, Назыржон Жураев пышақ жарақатын алады. Көршілерінің айтуынша, қансыраған жігіт жақын маңнан көмек іздеп аласұрған. Алайда көмекке сол күйі жете алмапты. Қансырап жатқан оны, сағат кешкі сегіздердің шамасында көршілері дәл осы жерден тауып алған. Бас аяғы қанға боялып, ес түссіз жатқан ер азаматқа бірден жедел жәрдем шақырмақ болған. Алайда, сол түні жедел жәрдем қызметкерлері бір біріне сілтеп, сол күйі келмеді дейді куәгерлер.  

Елена Камбарова, көршісі:

- 103 номерін  теріп, қалалық жедел жәрдем қызметіне хабарластық. Олар мән жайды сұрап, мекен жайымызды сұрады.  Талғарға хабарласындар деді. Біз онда да қонырау шалдық. Алайда олар бізге Бесағаштың телефонын берді. Олар болса ГүлДалаға сілтеді.

Осылайша бір жарым сағат бойы жедел жәрдем келмеген соң 43 жастағы жігіт ағасы қансырап өліпті. Бұған куәгерлер жедел жәрдемді кінәләуда. Яғни, жедел жәрдем дер кезінде келсе, сол қолынан болмашы жарақаттанған марқұмды аман алып қалуға болар еді дейді. Қазақстанға 7 жыл бұрын Өзбекстаннан жұмыс іздеп келген марқұмның артында 4 баласы мен әйелі қалды.

Жохангир Джураев, Марқұмның ағасы:

-Ағам тыныш адам болатын. Барлық тапқаның үйіне жіберіп отыратын.Темекіге, ішімдікке жоқ еді.Тіпті алған жарақаты да ауыр емес, қансырап өлген дейді.

Бұл жағдайды аңықтамақ болып, көршілер хабарласқан медициналық мекемелерді аралап шықтық. Нәтижесінде куәгерлер сөзінің растығына тағы бір рет көз жеткіздік.

Болат Демеев, Талғар аудандық орталық ауруханасының медициналық жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі

-Біздің диспечер ең жақыны Бесағашта деген.

-Сол адамға алғашқы көмекті кім көрсету керек еді?

- Бес ағаштың пунктісі.

Бриллиант Әбдірайомова, Бесағаш ауылдық амбулаториясының меңгеруші міндетің атқарушы:

-Бірақ ол мекен жай Гүлдалаға жатады.

 Ол жердің мекенжайын Гүлдала қарау керек па?

  • Заң бойынша солар.

Олеся Ходякова,  Гүлдала ауылдық амбулаториясының аға медбикесі:

-Біз ол районда жұмыс жасамаймыз.бұрын 2014 жылға дейін бізге қараған.Алайда қазір қарамайды. Әрі сол түні бізге ондай қонырау түскен жоқ.

Осылайша еш бір мекеме өзіне шаң жуытар емес. Бұл мекенжай бойынша қай аудан көмек көрсету керектігі тұрғындар үшін сол күйі жұмбақ. Ал, кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Марқұмды пышақтаған күдікті де қолға түсіпті. Ол 1983 жылғы шығыс Қазақстан облысының тумасы. Құзырлы орындар ақпаратынша, кісі өліміне қатысты сол түні өз ісіне салғырт қарағандар да жауапқа тартылмақ.

Дәл қазір белгілі болғандай, дәрігерлер расымен де марқұмға дер кезінде көмек көрсетпеген. Мұны 3 ауруханада да тексеріс жүргізген облыстық Денсаулық сақтау басқармасы анықтапты. Нақтырақ айтсақ, марқұмға көмекті Бесағаш ауылдық амбулаториясы көрсету тиіс екен. Алайда тәжірибесіз диспетчер хәл үстінде жатқан науқасқа қол ұшын созудан бас тартқан. Десе де, жас маман ол жерде әлі жұмыс істеп жүр екен. Тек басқа қызметке ауыстырылған. Қызметіне салғырт қарағандардың қандай жаза алатынын өз бақылауымызда ұстайтын боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде