{metadescription}
Қазақстанның Мысырдағы консулы Астанаға тікелей келетін ұшаққа билет таппай жатыр
Қазақстанның Мысырдағы консулы Астанаға тікелей келетін ұшаққа билет таппай жатыр

Қазақстанның Мысырдағы консулы Астанаға тікелей келетін ұшаққа билет таппай жатыр

Ал, ондағы отандасымызды Қазақстанға шұғыл жеткізу қажеттілігі арта түсуде. Сол елге демалуға барған Қарағандылық Олег Василенко өзін жайсыз сезініп, дәрігерлер оның емін таба алмай жатыр.

Олегтің тізесінен төмен қарайғы мына суланған ісіктер Мысырға барған соң үш күннен кейін шыға бастаған. Қызуы да күрт көтерілгесін, оны дереу ауруханаға жатқызған. Мысырлық дәрігерлер отандасымызды медуза шақты немесе тамақтан улануы мүмкін депті. Дегенмен Олег суға шомылмағанын жеткізген және уланудың аяққа қандай қатысы барын түсіне алмай дал. Қазір ол тек дәрумендер ішуде. Сондықтан оны шұғыл түрде елге жеткізу керек. Алайда Мысырдағы Қазақстан елшілігі жақын арадағы әуе рейстеріне билет таба алмай жатыр.

Анжелика Фараджева, О. Василенконың қызы:

- Ол клиниканың жертөлесіндегі дәлізде жатыпты. Анам зар қағып жүріп оған ас, суды әрең сұрап алған. Медициналық көмекті де жүрдім, бардым көрсеткенге ұқсайды. Енді қаңтардың 27-сіне ғана тікелей Астанаға келетін ұшаққа билет табылып тұр, соны күтетін шығармыз.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде