Депутаттар "Қазақфильмді" сатудың астарында не тұрғанын айтты
Депутаттар сатылымға шығарылған «Қазақфильм»-нің тағдырына алаңдаулы. Айтуларынша, мемлекеттің меншігіндегі киностудияны жекенің қолына өткізудің қажеті жоқ. Өйткені,«Қазақфильм»ді-шетелдік инвестор сатып алатын болса, отандық киномен қош айтысамыз екен.
Автор: Досжан Маратұлы
24.01.2018
Қуаныш Сұлтанов, Мәжіліс депутаты:
- «Қазақфильм» киностудиясын алатын адам, кино өндірісімен айналыспайтыны анық. Өйткені, ол таяу жылда коммерциялық пайда бере алмайды. Сірә оның тұрған жері мен ғимараттары қызықтырып тұрса керек.
Сондықтан депутат киностудияны жекешелендірілетін нысандардың тізімінен алып тастауды сұрап, Үкімет басшысына сауал жолдады. Жалпы, «Қазақфильм» үш жыл бұрын сатылымға шығаралған еді. Бастапқы бағасы 3 миллиард теңгеге бағаланған. Бірақ әзірге студияны сатып алуға аса ешкім ниет білдірмеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!