{metadescription}
Алматы облысында көмір тапшылығына қатысты дау ушыға түсті
Алматы облысында көмір тапшылығына қатысты дау ушыға түсті

Алматы облысында көмір тапшылығына қатысты дау ушыға түсті

Алматы облысындағы көмір тапшылығы не себепті туындағаны түсініксіз күйде қалып отыр. Көмір базаларының қожайындары отынның жоқтығын «Қазақстан темір жолы» қызметкерлерінен көрсе, ал тасымалдаушы керісінше жүк вагондарының жетіспеушілігін жоққа шығарып, кінәніні көмір сатушылардың өздеріне аударады.Ал қытымыр қыста отын іздеп қиналған жұрт екі ортада көмір таппай, теміржолдың бойында түнеуге мәжбүр.

Күллі Алматы облысы көмір алатын базаның түрі мынау. Әншейінде тау болып үйіліп тұратын орынның түбі көрініп тұр. Бірақ, оған қарамастан жүк көліктері көмір тиеген вагондарды тосып, теміржол бойында түнеп қалып жүр.        

Нұрлан Қожахметов, «Нұрсат» ЖК директоры:

-2-3 вагон келеді жетісіне, әрине, халыққа жетіспей жатыр. Бүгін екі вагон көмір келді, түсіріп үлгерген жоқ екі сағатта жоқ болды. Келіп жатқан машиналарға 2-3 тоннадан шағып бөліп беріп жатырмыз. Себебі мұнда келіп 1-2 күн тосқан жұрт  бар. Соларға жетпей қалады. Сол үшін алыстан келгендер құр бос қайтпасын деп шектеу жасап жатырмыз.

База қожайындары көмір сұрап кен орындарына хабарласқан. Айтуларынша, онда тапшылық жоқ. Сөйтсе, бар мәселе тасымалдаушыларда екен. Жүк вагондары жетіспейді деп сылтауратқандар Алматы облысына аптасына 2-3 вагон сүйреген бір пойыз ғана жіберіп жатыр екен.  

Нұрлан Қожахметов, «Нұрсат» ЖК директоры:

-Вагон  жетіспейді деп жатыр. Енді ақпанға дейін көмірге деген халықтың сұранысы өте көп болады. Үкімет тарапынан шешпесе білмеймін. Қазір бәрі жекеменшікке ауысып кеткен. Біз ақшасын аударамыз олар өздері «Қазақстан темір жолымен» келісіп өздері береді.

Десе де, «Қазақстан темір жолы» жүк вагондарының жетіспеушілігін жоққа шығарды. Айтуларынша, отынды сұраған мөлшерінде жеткізіп жүр. Ал аяқасты пайда болған тапшылық алаяқтардың әрекеті болуы мүмкін екен. 

Данияр Қойшыбаев, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жылжымалы құрам департаментінің бастығы:

-Вагон жетіспей жатыр деген мәселе жоқ. Тәулігіне келіп жатқан көмір тасымалына өтініштерді толық орындап жатырмыз. Мәселен, Алматы облысына қаңтар айында 95 мың тонна көмір жеткізілді. «Шұбаркөлкөмірден» -43 мың тонна, «Қаражырадан» -35 мың тонна. Көмір тапшылығын сатушылардың өздері жасауы мүмкін.

Осылайша, көмір тапшылығының туындауы түсініксіз күйде қалып отыр. Ал зардабын қыстың нағыз қақаған шағында қарапайым жұртшылық тартқан. Көгілдір отынға қосылмаған елдімекендер енді отынды тосып теміржолдың бұрыш-бұрышын жағалауға мәжбүр. Вагондардың тапшылығын теріске шығарған тасымалдаушылардың сөзіне қарамастан, бүкіл Алматы облысында көмір тапшылығы әлі де ушығып тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде