{metadescription}
Түркістанда такси жүргізушісі 24 жасар келіншекті 180 мың теңге үшін өлтірді
Түркістанда такси жүргізушісі 24 жасар келіншекті 180 мың теңге үшін өлтірді

Түркістанда такси жүргізушісі 24 жасар келіншекті 180 мың теңге үшін өлтірді

Әйгерім Тасболатованың банкоматтан ақша алғанын көрген түркістандық тұрғын келіншекті барар жеріне апарам деп көлігіне отырғызып, шалғай ауылға әкеткен. Сол жерде қинап өлтіріп, сөмкедегі ақшаны алып кеткен. Азғынның өзі марқұмның ұялы телефонын сатамын деп жүріп ұсталыпты. Азапталып өлтірілген Әйгерімнің денесі тек екі аптадан кейін ғана жерленді. Ал, оның артында 3 және 5 жасар ұлы мен қызы қалды.

Жұмабековтер отбасы қайғыдан қан жұтып отыр. Үш апта бұрын үйінен шыққан қыздары Әйгерім содан қайта оралмаған. Өз шаруасымен шыққан қызына ата-анасы банкоматтың картчокасын беріп, ішінде бар ақшаны алып келуді тапсырыпты. Бірақ қыздары сол кеткеннен келмеген.

Дариға Айдарова, Әйгерімнің анасы:

- 3 күнге дейін ешкімге айтқан жоқпын.  Келіп қалар деп. Сосын төртінші күні арыз жаздым,полицияға.

Түркістанды түгел тінтіп, жұрттан сұрастырған полицейлер екі апта дегенде Әйгерімнің мәйітін қаладан 30 шақырым жердегі Достық ауылының маңынан тапқан. Мәйітті көруге келген туыстары марқұмның тұлғасын әрең таныпты.

Жақсылық Жұмабеков, Әйгерімнің әкесі:

-Бет-аузы танымайтындай жағдайда. Тек, денесі төмен жағынан танисың болды. Тану мүмкін емес.

Ал, оны өлтірген күдіктіні марқұмның ұялы телефоны арқылы тауыпты. Яғни, такси жүргізушісі Әйгерімнің қалтасындағы ақшасынан олжалағанды місе тұтпай, ұялы телефонды сатып жіберген. Ал, телефонды сатып алған адам такси жүргізушісін суретке түсіріп алған екен. Осы арқылы ұсталған ол кінәсін мойындап, тіпті мәйітті де өзі тауып берген. Алайда, әуелі еш жазығым жоқ деп қарсыласып бағыпты.

Жақсылық Жұмабеков, Әйгерімнің әкесі:

 -Мен Құдай Алла өліп кетейін, өзімнің де бала-шағам бар. Мен нәпақа тауып жүрмін. Тек, бір ай бұрын телефонды өшіріп сатып жібергем. Менің машинамда түсіп қапты деді. Сол басқа айыбым жоқ деп жуытпады.

Бастауыш сыныптардың мұғалімі болған Әйгерімнің артында 5 жасар ұлы мен 3 жарым жасар қызы қалды. Олар нағашы ата-әжесінің қолында қалатын болды. Ал Әйгерімнің туыстары ұсталған азамат жеңіл жаза алады ма деп қорқады. Себебі, ақша ұсынып, кешірім сұрап келіп жатқандар көбейіп кеткен екен. Қазір, бұл іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Марқұмның отбасы Әйгерім көз жұмбас бұрын зорлануы да мүмкін деп топшылайды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.