{metadescription}
Ақтөбе облысында сұмдық апаттан көз жұмған  өзбек азаматтары жерленді
Ақтөбе облысында сұмдық апаттан көз жұмған  өзбек азаматтары жерленді

Ақтөбе облысында сұмдық апаттан көз жұмған өзбек азаматтары жерленді

Ақтөбеде 52 адамның өмірін жалмаған сұмдық  апаттан соң, депутаттар көлік компанияларының жауапкершілігін күшейтуді талап етті. Өйткені, заңды белшеден басып бас-басына би болған фирмалар адамдардың өмірін қауіпке тігіп отыр. Сондықтан мәжілісмендер бүгін премьер-министрдің атына сауал жолдап, бұл іске дереу араласуын сұрады.

Автобус апаттарының жиілегеніне депутаттар да алаңдап отыр. Бүгін халық қалаулылары адам өмірін қауіпке тігіп, бас пайдасын ойлайтын көлік компанияларын әбден сынға алды. Айтуларынша көбінің автобусы ескірген соң, адам тасуға жарамсыз. Ал, оны жаңасына ауыстыруды қойып, бизнесмендер бұзылған көлікті жөндеуге артық ақшасын қимайды. Тіпті, апат бола қалса, компания басшысы емес, көбінде жүргізуші кінәлі болып шығады. Бұлай жалғаса берсе, жолаушылардың өлімі тағы арта түсуі мүмкін дейді мәжілісмендер. Сондықтан істі  премьер-министрдің бақылауға алуын сұрады. 

Ержан Құдайберген, Мәжіліс депутаты:

-Осыны ескере отырып, транспорттық компаниялардың жауапкершілігін арттыру қажет деп санаймыз. Алдағы уақытта жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жан-жақты шаралар өткізіп қатал талап қою. Автобустардың мерзіміне шектеу жасау, заманаую құрылғыларды пайдалануға міндеттеу. Автобус жүргізушілерінің денсаулығын тексеріп, бақылауды күшейту керек деп есептейміз.

Төменгі палата  осылай шағым айтып  жатқанда Бас прокуратура нақты іске кірісіп кетті. Бүгін Қайрат Қожамжаров Көлік прокуратурасына жолаушы тасымалдайтын барлық автобустарды тексеруге пәрмен берді.Енді заң өкілдері көлік компанияларының құжаттарынан бастап, автобустардың техникалық жағдайына дейін, адам тасуға жарай ма жарамай ма толық тексеруі тиіс.

-Жолаушылар тасымалы  саласы түрлі заңбұзушылыққа толы. Автобус қожайындары адамдарды ескі көлікпен тасиды. Әрі құжаттары дұрыс емес. Оның үстіне қарапайым қауіпсіздік техникасы сақталмайды. Бұл жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді.

Ақтөбе облысының бекеттерінде полицейлермен біріккен көлік инспекторлары да бақылауды күшейтті. Өйткені, апта бұрын  52 жолаушымен бірге өртеніп кеткен автобустың, ереже бұзып, жолға қалай шығып кеткені белгісіз. Сол үшін кірпік қаққай, автобустың барлығын жіті тексеріп жатқан сақшылар мұндай қателікке енді жол бермеуі тиіс.

Сұлтан Мұсағалиев, Ақтөбе облыстық көлік инспекциясының жетекші маманы:

-Оларда көбінесе қарапайым техосмотр өтпейді. Бортовой журналдары болмайды. Жолаушылардың аты-жөні болу керек қой. Ондай жоқ. Соған қатысты ГАИ мамандарымен жұмыс жүргізіп жатырмыз.

-Ал, автобуста ажал құшқан осы өзбек азаматтары бүгін жерленді. Олардың сүйектері кеше туған жерлеріне жеткізілген болатын.Енді өзбек билігі осындай қайғылы жағдай қайталанбас үшін, азаматтарына жұмыс іздеп шетелге шығарда, автобустардың техникалық жағдайына ерекше мән-беруге кеңес берді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде