{metadescription}
Теміртауды қара күйе басуының себебі айтылды
Теміртауды қара күйе басуының себебі айтылды

Теміртауды қара күйе басуының себебі айтылды

Теміртауды басқан қара күйенің 77 пайызы – «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының метталургиялық комбинатынан шыққан қалдықтар. Сондай бұл қаланың айналасындағы тағы бірнеше өндіріс орындарына да болыпты. Мұны Теміртаудың қарын зерттеген арнайы комиссиядағылар айтып отыр. Осыған байланысты биліктегілер, экологтар және өндіріс орындары өкілдері арасында ұзақ әңгіме болып, мәселені шешу жолдары қаралды.

Қаңтардың басынан бері қаланың қара түске айналған қарынан сынамалар алған комиссия оның құрамында металл қалдықтарының көбін анықтаған. Бұл қалдықтар комбинаттан ғана шағытынын ескерсек, таяқтың басы алпауыт компания өкілдеріне тиіп отыр. Бірақ олар қаңтардың басында қалаға қара күйенің түсуін желсіз ауа райының болғанымен байланыстырады. Әйтпесе, соңғы жылдары бұлар өндіріс көлемін екі есеге азайтып, ауа құрамына зиянды қалдықтарды шығармайтын құрылғыларды орнатқан екен. Бұл үшін жүздеген миллион теңгені тәрк етіп жатқандарын айтып тулады. Экономикаға ауқымды үлес қосып отырған өндіріс орны жұмысына келергілер көп болса, комбинат тиімділігінен айырылады екен. Онда оны ұстаудың пайдасы шамалы дейді. Ал өндірісте 10 мыңнан аса адам нәпақа тауып отыр. Ұзақ айтыс-тартыстан кейін, биліктегілер қаладағы ауа құрамын метеорологтар үнемі зерттеп тұратынын айтты. 

Ғани Сәдібеков, ҚР энергетика вице-министрі 

- Енді өндіріс орындары атмосфераға зиянды қалдықтарды белгіленген мөлшерден асыра шығарып жатса, олар өндіріс қарқынын бәсеңдетулері керек. Біз мұны қатаң қадағалауда ұстаймыз. Талапты орындамағандарға айыппұл салынады.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде