Суыққа адам түгілі аңдар да шыдамай жатыр
Әсіресе, Павлодар мен Семейдегі суық жануарлар қорғаушыларының мазасын алуда. Сондықтан семейлік зообақ қызметкерлері жан-жануарлардың қораларын жылылап жатса, павлодарлық орманшылар жабайы аңдарды қоректендіруге көшті.
Автор: Ұлан Нұрахмет
25.01.2018
Бүгінде сақылдаған сарышұңақ аяз павлодарлық орман қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызды. Оған себеп, аталмыш өңірді мекен ететін 15 мыңға жуық жабайы аң аштан қырылып қалудың аз-ақ алдында тұр. Ал қытымыр аяз дала тұрмақ, қолда күтімде тұрған жануарлардың өзін қыспаққа алып жатыр. Мәселен, Семейде күндіздің өзінде күн райы -32 градус болып, жергілікті зообақтағы аңдарды әбіржітіп жіберген. Қазір мамандар далада тұрған аңдардың астына сабан төсеп, үйшіктерін қамыспен қымтап әлек. Әсіресе, олардың басты назары, орталыққа жылы жақтан жеткізілген жануарларда.
Ләззат Жүнісова, Семей қалалық биологиялық орталықтың көпшілік іс-шара ұйымдастыру әдіскері:
Ең бір негізгісі, біздің жануарлардың ішінде Оңтүстік Америкадан келген Лама Гуанака бар. Оған қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде. Яғни, оның үйшігі сыртынан жабылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!