{metadescription}
Елімізде мың пайызбен несие беретін шағын фирмалар жаппай тексерілмек
Елімізде мың пайызбен несие беретін шағын фирмалар жаппай тексерілмек

Елімізде мың пайызбен несие беретін шағын фирмалар жаппай тексерілмек

Өйткені, жұртқа интернет арқылы ақша беретін ұйымдар аңғал клиенттерді алдап жатыр. Осылай деген сенаторлар бүгін Бас прокуроратурадан интернет банктердің қызметін дереу бақылауға алуды талап етті. 

Олардың бірқатар былығы Сенатқа дейін жеткеніне қарағанда, істері күмәнді сияқты. Оған себеп те жоқ емес. Мәселен, бұл жарнамасы жер жарған сондай фирманың сайты. Бұл жерде несиені 7 мыңнан 2 миллионға дейін алуға болады. Ал, қарыз алу қиын емес. Сілтеме арқылы өтіп, өтініш толтырсаңыз жеткілікті. Кейін ақша банк корточкаңызға түседі екен. Бірақ, мұны ешкім бақылап жатқан жоқ. Тіпті, жұртты алдайтын осы ұйымдар пайыздарын жасырып, көрсетпейді. Сондықтан төлеуге келген кезде, клиент опық жейтіні анық. 

СЕРГЕЙ ЕРШОВ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:

-Қандай жағдай болмасын онлайн несиені кез-келген азамат рәсімдей алады. Мүмкін клиент мас немесе есірткі қабылдаған шығар. Тіпті, әлдекім күш көрсетіп, күштеп несие алдыртуы да мүмкін ғой. Әрі интернет банктер қарызды 700-1000 пайызбен береді. Бірақ, мұны көбінде аңғал адамдарға ескертпейді әрі  көрсейтпейді. Бұл клиенттердің құқығын бұзады.

Оның үстіне қаржылық ұйымдар қарыз берер кезде клиент туралы мағлұматты заңсыз жинайды. Өйткені, ол үшін, ақшаға мұқтаж адамның жазбаша рұқсаты болуы тиіс. Бірақ, несие интернет арқылы рәсімделген соң, бұл талап әрине сақталмайды. Сондықтан сенаторлар Бас прокурордан тұрғындарды алдап соғатын сайттарды мұқият тексеруді сұрады.

Енді сенатор Ершовтың депуттатық сауалындағы деректерді Үкімет пен Бас прокуратура тексеруі тиіс. Егер заңбұзушылықтар анықталса интернет банктерге шара қолданылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде